• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» кездесетінін айтты

    Орта салмақта Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жылға жоспарын айтты.

    Ол келесі жылы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен қолғап түйістіргісі келетінін жасырмады.

    Егер Мунгия келіссе, мен оны нокаутқа түсіремін, иншааллах. 2023 жылы мен «Канеломен» айқасамын. Міне, менің жоспарым. Не болатынын көрейік, — деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де.

    Осы аптада Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлын «Канелоның ізбасары – Хайме Мунгиямен жекпе-жегін бекітті. Бұл кездесудің қашан және қай жерде болатыны белгісіз. Өйткені, оған 13 желтоқсанға дейін жекпе-жек өткізуге ресми түрде тыйым салынды. Бұл шара боксшының айғастан кейін қайта өзіне қалпына келуіне арналған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *