• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Түркістанда Азияның түйе балуаны анықталды

    Түркістан қаласындағы қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды.

    «Түйе балуан» атанған Батыс Қазақстан облысының өкілі Темірлан Көлбай бас жүлдеге ие болып,  «Нива» автокөлігін жеңіп алды.

    Екі күнге созылған дүбірлі додада отандастарымыз өз мықтылықтарын көрсетіп, Азия құрлығы бойынша теңдессіз  екендігін көрсетті.

    Кезінде халқымыздың атақ-даңқын күрес арқылы бүкіл әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасов та талай жеңістің шыңына жетті. Биыл кең көлемде ұйымдастырылған бұл Азия Кубогында «түйе балуан» атанған талантты балуан Темірлан Көлбай көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.  Ал Алматы облысының өкілі Мади  Еділбаев күміс жүлдегер атанса, қола жүлдені Абай облысының мақтанышы Әсет Ахметжанов қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев пен күрестің білікті маманы Қуат Байходжаев, сонымен қатар қазақ күресінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Жеңіс Биткөзовтер марапаттап, таланттыларды танытты. Айта өтерлігі, аламан күрес додасының бас жүлдесіне Ордабасы ауданының  әкімі Нұрбек Бадырақов демеуші болып,  ордабасылықтар атынан автокөлікті сыйға тартты. Осылайша, қазақ күресінің жаңғыруына үлесін қосты.

    Қазақ күресі ассоциациясы өкілдерінің айтуынша, Қажымұқан атындағы Азия кубогын жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр.

     

    Ғабит САПАРБЕК,

    ТҮРКІСТАН

    ФОТО: Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі

     

    3 пікір

    1. Руслан

      Интересно. Для различных регионов инвайт код для world of tanks 2022 европа тоже работает

    2. Максим

      Спасибо большое вам за информацию. Да уже наверное никто не просит в долг у знакомых, можно за несколько минут оформить тут заявку взять быстрый микрозайм и получить деньги сразу на карту

    3. Оксана

      Спасибо за подробную информацию. На сайте olimpbet kz можно наблюдать прямые видеотрансляции различных популярных событий.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *