• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінің келесі айналымына шықты (ВИДЕО)

    Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының екінші іріктеу турнирінің бесінші тобында Словения командасымен кездесіп, жарыстың элиталық сатысына жолдама алды.

    Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Матчта Альтерт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов пен Тайнан гол салды. Сөйтіп, Қазақстан 10 ұпай жинап, бірінші орынмен аяқтады.

    Қазақстан екінші іріктеу сынындағы алғашқы ойынын Словения құрамасымен өткізген болатын. Бұл кездесуде отандастарымыз қарсыластарын 2:0 есебімен жеңген. Одан кейін ел құрамасы Черногорияны 7:0, 5:1 есебімен ұтты.

    Ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдары ойнаған. 2021 жылы төртінші орынды иеленген болатын.

    2024 жылғы әлем чемпионаты өтетін ел әзірше анықталған жоқ. Ол келесі жылдың қыркүйек-қазан аралығында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *