• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Маңғыстаулық жас балуан ел чемпионатында үшінші орын алды

    Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде еркін күрестен 15 жасқа дейінгі (U-15) жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Сағынбай Мұхамбетали 41 кг салмақта сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды.

    Ол боз кілемге бес рет шығып, Түркістан облысы, Алматы облысы, Жетісу облысының палуандарын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалда Алматының балуаны Дамир Қалиден жеңіліп, үшінші орын үшін белдесуде Батыс Қазақстан облысының өкілін жықты.

    Мұхамбетали Бейсенбайұлы 2009 жылы 20 шілде күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында туған. Еркін күрестен спорт шеберлігінен үміткер. Алғашқы жаттықтырушысы — Еламан Курбанкулов. Мұхамбетали Алматыдағы «Шаңырақ» республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-коледжінің 8 сыныбында оқиды.

    Әйелдер күресінен (U15) ел чемпионатында жүлдегер атанған Шынарай Орынғали (33 кг) мен Асылай Дәулет (39 кг) екінші орын, Эльмира Сыздықова (53 кг), Анастасия Воробьева (54 кг) мен Мия Микайлова (58 кг)  үшінші орын алған еді.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *