• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина әлемдік рейтингіде жетінші орнын сақтап қалды

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.

    Елена Рыбакина бұрынғыша тізімдегі жетінші орнын сақтап қалды. Ал WTA чемпиондық кестесінде ол екінші сатыда тұр. Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 47-ден 45-ке көтерілді.

    Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнын сақтап қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты.

    Сондай-ақ, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова мен Аружан Сағындықова да рейтингідегі көрсеткіштерін жақсартты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *