• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада хоккейден халықаралық турнир басталды

    Астанада хоккейден халықаралық Qazaqstan Hockey Open 2023 турнирі басталды.

    7 мамырға дейін өтетін турнирге Қазақстан, Ресей және Беларусь командалары қатысады. Қазақстан құрамасы кеше кешке алғашқы матчын Ресейге қомандасына қарсы өткізді.

    Бүгін Беларусь құрамасымен кездеседі.

    Бұл халықаралық турнир Қазақстан хоккейшілері үшін әлем чемпионаты алдындағы дайындықтың бір кезеңі ретінде қарастырылып отыр.

    Ал 13 мамырда Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтетін әлем чемпионатында В тобындағы ойынын бастайды. Қарсыластары – Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.

    Қазақстандық хоккейшілер топтық кезеңдегі ойындарын Рига қаласында өткізеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *