• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әсем Орынбай стенд атудан Әлем кубогын жеңіп алды

    Алматыда стенд атудан ұлттық құраманың мүшесі Әсем Орынбай Әлем кубогының иегері атанды.

    Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Әсем Орынбай скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірген жоқ.

    Ол финалда негізгі кезеңде 60 рет нысана көздеген соң үндістандық Ганемат Секхонмен 50 ұпайдан тең түсті. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы екі мәрте мүлт кеткен жоқ. Ал қарсыластың жүйкесі сыр беріп, бір рет қана нысанаға дәл тигізе алды. Қола жүлдені тағы бір үндістандық Даршна Ратхор жеңіп алды.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *