• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакинаның табысы жарияланды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы табысы жарияланды. Ол Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алғаны үшін 564 407 АҚШ доллары немесе теңгемен есептегенде 252 млн теңге сыйақы алды.

    Ал оның жыл басынан бергі табысы 3 752 354 доллар (1,6 млрд теңге) болды.

    WTA сайтының хабарлауынша, Рыбакина халықаралық турнирлерге қатыса бастаған кезден бері  10 млн 113 мың 312 доллар ( 4,5 млрд теңге) таза табыс тапты.

    Еске сала кетсек, бүгін Елена Рыбакина Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алған соң,  Әйелдердің теннис қауымдастығының жариялаған тізімінде ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *