• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Белгілі ММА шебері кәсіпкерлерге алданып қалды (ВИДЕО)

    Белгілі ММА шебері, ережесіз жекпе-жектен Qazaq атымен танылған Қайрат Ахметов Sportnama жобасына сұхбат беріп, кәсіпкерлердің алдап кеткенін  айтты.

    Ол бір адамдардың телефон шалып, қымбат көлік сыйлайтындарын айтқанын, бірақ сол автокөлікті әлі көрмегенін жасырмады.

    Маған түнгі 3-те телефон шалып «Бауырым, құтты болсын, саған көлік сыйлаймын!», — дегендер болды. Бұл бір емес, екі-үш рет болды. Менің жүрегім дүрсілдеп, менің де кәдімгідей еңбегімді бағалайтындар бар екен деп, қуанатынмын. Менің де аға-бауырларым бар екен ғой деп ойлайтынмын. Содан кейін бір ай өтеді, екі, үш ай өтеді.

    Сосын өзің де хабарласуға ыңғайсызданасың ғой. Ұяласың ғой. Соның шет жағасын білейін десең олар сол күйі жоқ болыып кетеді.

    Өзім телефон шалып, сұрауға ұяламын. Бір қызығы, мұндай жағдай бірнеше рет болды, — деді ол.

    Одан кейін ережесіз жекпе-жек шебері бәріне өз еңбегіммен жетіп келе жатқанын, ешкім оған көлік сыйлауға міндетті емес екенін айтты.

    Осы ретте Қайрат Ахметов Данияр Қасқарауов бастаған бір топ үй алатын кезде ақша жинап бергенін,  ол үйдің жарты ақшасын өзі қосып, «Ақсай» шағын ауданынан үй алғанын атап өтті.

    Негізі, осы уақытқа дейін маған ешкім мұндай сыйлық жасамаған. Ешкімнен ештеңе сұрап көрмегемін. Маған ешкім ештеңе бермеген. Көлік мінгізген жоқ. Өзім сатып алдым. Кредитке алдым. Осы күнге дейін ешкімнің ала жібін аттамадым. Ешкімді ренжіктен емеспін. Біреудің алдында бірдеңе сұрап бара алмаймын, — деді спортшы.

    Сонымен бірге ол сұхбатта нанға ақшасы болмаған кездері болғанын, кәсіпкер Бауыржан Оспановтан ақша сұрауға ұялғанын, ал қазір жекпе-жектен жақсы ақша табатынын атап көрсетті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *