Германияның Кёльн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Биылғы Әлем кубогы осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан, Австрия, Австралия, Бельгия, Германия, Куба, Моңғолия, Франция, Украина, Дания мен Микронезияның былғары қолғап шеберлері қатысуда. Барлығы — 90 ер адам, 37 әйел. Бұл сынға бірнеше тәжірибелі боксшымен қатар жастар да күш сынасып жатыр. Қазақстан құрамасының тізімі: Ерлер – ...
Read More »Author Archives: admin
Мбаппе Мессидің рекордын жаңартты
Футболдан Францияның ұлттық құрама командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Туриннің «Ювентус» командасына гол салып, осы жарыста 40 голдың авторы атанған аргентиналық Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Ол жас айырмашылығы бойынша Чемпиондар лигасында 40 доп соққан ең жас футболшы атанды. Мбаппе париждіктер сапында 13-минутта гол салды. Осы ойын кезінде Килианға 23 жас, 10 ай, ...
Read More »Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтетін футолдан әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді. Жанкүйерлер мундиальдың матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады, — делінген корпорацияның хабарламасында. ХХІІ әлем чемпионаты Катардың 5 ...
Read More »Азия чемпионаты: екі боксшымыз жеңіп, біреуі жеңілді
Бокстан ересектер арасында Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні шаршы алаңға үш боксшымыз көтеріліп, екеуі келесі кезеңге жолдама алса, біреуі жеңілді. Қазақстан ұлттық құрамасынан жарысты алғашқы болып 57 келі салмақта Серік Теміржанов бастады. Ол Түркіменстан елінің өкілі Ихлас Гылычжановтан айласын асырып, келесі айналымға шықты. Енді ол ширек финалда былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері иорданиялық Юсеф Иашашпен ...
Read More »Балуандар алғаш рет Ибраһим Мұстафа турниріне қатысады
12-13 қарашада Мысырдың Александрия қаласында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIII халықаралық турнир өтеді. Осы турнирге Қазақстаннан тек грек-рим күресінің шеберлері аттанады. Олардың арасында тәжірибелі бозкілем шеберлерімен қатар бірқатар жас спортшы бар. Құрама тізімі: Марлан Мұқашев (55 кг), Ернұр Фидахметов, Ернар Фидахметов (60 кг), Ғалым Қабдунасаров (63 кг), Дастан Зарлыханов, Мұхамедәлі Мамырбек (63 кг), Дінмұхамед Қошқар, ...
Read More »15 жастағы теннисші Зара Дәркен ересектер жарысына жолдама алды
Теннисші Зара Дәркен Италияның Соларино қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 жарысының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Ол бірінші айналымда итальян Джорджи Паттиді 6:1, 6:2 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңінің финалында тағы бір жергілікті теннисші Камилла Лерволинодан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті. Енді негізгі кезеңнің алғашқы айналымында Ақтөбе теннис мектебінің түлегі 25 жастағы Ұлыбританияның спортшысы Абигейл Амоспен кездеседі. Осылайша, 15 ...
Read More »Юлия Мясникова: «Күйеуімнің қазақ болғанын қалаймын»
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының шабуылшысы Юлия Мясникова осылай деп айтты — Юлия, Ресейде доп теуіп жүрген санаулы қазақстандықтың бірісің. Мұндағы футбол деңгейі қандай? — Әрине, Ресейде қыздардың футбол лигасының деңгейі басқаша. Біз былтыр чемпион болдық. Алайда, мұнда бәсеке өте күшті. Мысалы, Қазақстанда 1-2 клуб қана деңгейлес. Қалғанының дәрежесі де, деңгейі де төмен. — ЦСКА командасында ойнағандықтан ерлер ...
Read More »Гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында 11 жүлде алды
Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында эстетикалық гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды Марапаттау рәсімінде еліміздің әнұраны бес рет шырқалды. Әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында елімізден екі командадан болды. Чемпионатта 6 медаль жиынтығы сарапқа салынды. 16 жастан асқан қыздар арасында «Кармелита» (Шымкент) командасы чемпион атанды. Оның құрамында Елизавета Шарая, Сәбина Елубаева, Аида Жақсыбек, ...
Read More »Бокс: Азия чемпионатын Серік Теміржанов бастап береді
Бүгін Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталады. Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға үш боксшысы шығады. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының былғары қолғап иелері ринге көтерілген жоқ. Бүгін Астана уақытымен сағат 17.00-де 57 кг дейінгі салмақта Серік Теміржанов пен Ихлас Гылычжанов (Түркменістан) қолғап түйістіреді. Жеңгені ширек финалда жұдырықтасады. Одан кейін 63,5 кг салмақта Санатәлі Төлтаев Өзбекстанның боксшысы ...
Read More »Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды
Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды. Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары