• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еуро-2022/2023: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

    Футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуро-2022/2023 екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды.

    Жеребе тарту нәтижесінде Қазақстанның U-17 қыздар құрамасы В лигасының 2-тобында Әзербайжанмен, Босния және Герцеговинамен, Черногориямен сынға түседі. Екінші іріктеу кезеңінің ойындары 2023 жылдың наурыз айында Босния және Герцеговинада өтеді.

    Еуро-2022/2023 екінші іріктеу кезеңі жеребе тарту рәсімінде командалар мына топтарға бөлінді:  

    А лигасы

    А1 тобы: Чехия, Польша, Эстония (финалдық кезең иесі), Румыния.

    А2 тобы: Англия, Норвегия, Бельгия, Хорватия.

    А3 тобы: Германия, Португалия, Венгрия, Солтүстік Македония.
    А4 тобы: Швейцария, Словения, Аустрия, Словакия.

    А5 тобы: Ирландия, Франция, Италия, Косово.

    А6 тобы: Испания, Дания, Сербия, Беларусь.

    А7 тобы: Нидерланд, Финляндия, Швеция, Уэльс.

     

    В лигасы

    В1 тобы: Грекия, Фарер аралдары, Литва, Молдова.

    В2 тобы: Босния және Герцеговина, Қазақстан, Әзербайжан, Черногория.

    В3 тобы: Шотландия, Израиль, Грузия.

    В4 тобы: Исландия, Люксембург, Албания.

    В5 тобы: Солтүстік Ирландия, Түркия, Армения.

    В6 тобы: Украина, Латвия, Болгария.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *