Моңғолияда қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Олимпиада ойындарына қатысқан Алданыш Рамазанқызы «Еңбек сіңірген спортшы» атағымен марапатталды.
Алданыш Рамазанқызы — 1964 жылғы Токио қаласында өткен жазғы Олимпиадаға Моңғолияның атынан қатысқан тұңғыш қазақ қызы. Сонымен бірге ол Моңғолия спорт тарихында тұңғыш рет Олимпиадаға қатысқан әйел, Моңғолиядағы қазақтардың арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері.
Ол жеғір атлетикадан моңғол елінің рекордын бірнеше рет жаңартқан. Он екі рет ел чемпионы атанған.
Алданыш Рамазанқызы 1945 жылы Бай-Өлке аймағының орталығы Өлгей қаласында туған. Қазір Ұланбатыр қаласында тұрып жатыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА