• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 04.10.2017

    Бородюк: «Румынияға қарсы жаңа тактикамен ойнаймыз»

    Қазанның 5-інен 6-сына қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Румыния командасымен кездеседі. Бүгін осыған орай ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушысы Александр Бородюк пен шабуылшы Сергей Хижниченконың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Сергей Хижниченко: — Біз үшін маңызды матч. Ұлттық құрама үшін жанымызды саламыз. Жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді. Румынияда жаңа бапкер, құрамаларына жаңа ойыншылар қосылды. Бірақ ...

    Read More »

    Космин Контра: «Біз үшін Қазақстанмен ойын маңызды»

    Румыния ұлттық құрамасының жаттығу базасында баспасөз мәслихаты өтті. «Қазақстанмен Астанадағы матч жасанды көгалда болды. Ауа-райы да салқын еді. Біздің футболшылар қиналғаны рас. Ертең басқаша ойын болады деп ойлаймын. Құраманың жаңа жаттықтырушысы алғашқы матчым болған соң мен үшін осы ойын маңызды. Ертеңгі кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Қазақстан құрамасының бас бапкері Бородюкті Германиядағы ойындарынан жақсы білемін. Қазақстан — жақсы құрама. Кейбір ойыншылары ...

    Read More »

    Қазақ күресінің желбіреген жалауы

    Серік Төкеев ағамызды бізден артық білетін адамдар көп қой. Оны өзімен өмір бойы үзеңгілес болып, сырласып жүрген әріптестері жақсы біледі. Ал біздің Серік ағамен таныстығымызға 13 жылдай ғана уақыт болыпты. Содан бері екеуміз ағалы-інілі болып сыйласып келеміз. Секеңмен таныстығым 2004 жылы басталған. Бұл – Афина Олимпиадасы өтетін жыл болатын. Сол жылы «Егемен Қазақстан» газетінде істеп жүргенімде спортшылардың төрт жылда бір ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Румынияға келді

    Кеше футболдан еліміздің ұлттық құрама командасы Румынияға келді. Құраманың ойыншылары мен жаттықтырушылары ұшақтан түскен бойда бірден Бухаресттен 54 км қашықтықтағы Плоешти қаласына келіп, қонақ үйге орналасты. Бүгін құрама команда ашық жаттығу мен баспасөз мәслихатын өткізеді. Ал Румыния мен Қазақстан құрамаларының матчы 5-нен 6 қазанға қараған түні Плоешти қаласындағы «Илие Оана» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 00.45-те басталады. Бұл еліміздің бас командасының ...

    Read More »

    Астанада үстел теннисінен «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді

    Желтоқсанның 14-17 аралығында Астананың «Дәулет» спорт кешенінде үстел теннисінен әлемдік «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді. Осыған байланысты бүгін Орталық коммуникациялық қызметінде  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне  баспасөз мәслихаты  өтті. БАҚ өкілдерінің басын қосқан шараға Үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Серік Қасқабасов, Мәдениет және спорт министрілігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев пен әлемдік «World Tour Grand Finals» ...

    Read More »