• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Yearly Archives: 2018

    Оралда қазақ күресі палуандары шеберліктерін көрсетті

    Орал қаласында қазақ күресінен 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер және 50 жастан асқан ардагерлер арасында самбо күресінен Бүкілқазақстандық жазғы Спартакиаданың жеңімпазы, самбо және қазақ күресінен КСРО спорт шебері Иват Әбілұлы Еришевті еске алуға арналған ашық қалааралық турнирдің алғашқы күні өз мәресіне жетті. Осы турнирде ардагер палуандар жастары жігіт ағасы жасына жетсе де кілемде жастардан кем күрескен жоқ. Әсіресе, аса ауыр салмақтағы ...

    Read More »

    Алматы облысында қазақ күресінен дәстүрлі турнир жалғасын тапты

    Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде қазақ күресінен Райымбек Түкеұлын еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Биыл да өз жүлдесін тапқан республикалық жарысқа еліміздің әр облысынан, Алматы, Шымкент қаласынан 20-дан аса команда қатысты. Осымен он жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге төселген қос кілем үстінде екі күн бойы 2002-2003 жылы 400-ге жуық туған жас өскін балуандар барын салып белдесті. Он ...

    Read More »

    Алатаудың ар жағынан алтын жүлделер әкеле жатыр

    Қырғызстанның Ош облысында джиу-джитсуден (не-ваза) өткен «Alay open»  халықаралық турнирінде қазақ спортшылары 15 алтын, 5 күміс және 5 қола медальді иеленді. Оған «Sagadat batyr QTT»  спорт клубынан 7 мен 17 жас аралығындағы 23, ал ересектерден 4 спортшы қатысты. Турнирде жасына қарамай, Жібек Құлымбетованың жеңімпаз атанғанын айта кеткен жөн. Жарыста ол қырғыз, өзбек, тәжік спортшыларын тізе бүктіріп, тағы да алтын жүлдені ...

    Read More »

    Атақты қорғап қала алмадық

    Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Көптен күткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта кездесуі өтті. Елден аттанғанда сіздерден сүйінші сұраймын деген едім. Өкінішке қарай, жеңілістің кермек дәмін татып, жүрегім езіліп тұр. Әрине, бұл – спорт. Тағдырың жұдырықпен шешілетін үлкен дода. Кәсіпқой бокстың қызығы да, қиындығы да осы. Әйтсе де еліміздің талантты ұлының бірі Геннадийді жазғырудың еш қажеті жоқ. Нағыз батырға лайық өнер ...

    Read More »

    Лас-Вегаста Головкин мен Альварес жанкүйерлермен жүздесті

    Армысыздар, спорт жанкүйерлері! Боксты жақсы көретін қыз-жігіттеріміз, Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қашан өтеді, қашан бітеді деп тағатсыздана күтіп жүргендеріңізді білемін. Әрине, жүректеріңіз лүпілдеп, біздің жігіт не болар екен деп, жандарыңызды шүберекке түйіп жүргендеріңізді сонау мұхиттың аржағында жүрген мен жақсы сезіп тұрмын. Бұл елге, жерге, туған жердің азаматына деген құрметтеріңіздің белгісі. Сәл шыдасақ, қос мықтының арасындағы алапат айқасты да көріп қаламыз. ...

    Read More »

     «Қанға — қан, жанға – жан!»

    Головкин мен Альварестің қарымта шайқасы күллі әлем жанкүйерінің көзінің жауын алып отыр. Ойпырмай, не болар екен?: Ассалаумағалейкум, sportpress.kz спорт сайтының оқырмандары! Біз тағы да үзеңгіге аяқ салып отырмыз, тағы да аттанып бара жатырмыз. Басты мақсатымыз сонау Американың Невада штатында оның Лас-Вегас қаласында өтетін Головкин мен Альварестің шайқасын көру. Және де көріп қана қоймай, сол жақтан елге хабар таратпақпыз. Бұл жолғы ...

    Read More »

    Қауымдастық төрағасы Көшпенділер ойындарына қорытынды жасады

    Бүгін Мәжіліс депутаты, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 2-8 қыркүйек күндері Қырғызстанда өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты баспасөз мәслихатын өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Жиында ол әуелі түбі бір түркі елдерін табыстырып, түркі әлемінің ортақ спорт мерекесіне айналған Көшпенділер ойындарының мәні мен маңызы туралы айтты. –Көшпенділер ойындарының шын мәнінде бірталай ел көз тіккен, дүмпуі ...

    Read More »

    Көшпенділер ойындары: Қазақ күресі еліміздің жүлделерін еселеді

    Осы күндері Қырғыз Республикасының  Чолпон-Ата қаласында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы төрешілерге семинар ұйымдастырып, жарысты өткізетін  жауапты топ мүшелерін сайлаған еді.  Жауапты сын алдындағы семинар кеңеске қатысқан  федерацияның бірінші вице-президенті Серік Адамұлы Түкеев пен UWW-дің (Біріккен Күрес Қауымдастығының) техникалық директоры Онур Шимшек мырзалар, айыр қалпақты ағайындардың  елінде өткелі отырған III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына ...

    Read More »

    Көркем гимнастика шеберлері төрткүл дүниені мойындатпақ

    Маңғыстаулық көркем гимнастшылардың Азия, Еуропа, әлем және төрт жылда бір келетін жазғы Олимпиада ойындарында топ жаратын күндері алыс емес. Небір биіктерді бағындыруды осы бастан мақсат еткен олардың қазіргі дайындығына мамандар жоғары баға беріп отыр. Жақында ғана Ақтау қаласында көркем гимнастикадан 2003-2012 жылдары туған қыздар арасында ІІ халықаралық «Шағала» турнирі өз мәресіне жеткен болатын. Биылғы жылы өткен турнирдің ерекшелігі гимнастиканың халықаралық ...

    Read More »

    Алматыда «Пинг-понг ханшайымы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

    27-28 тамыз күндері Алматыда Қазақстанның үстел теннисі федерациясы мен  ҚХР-дың бас консулдығының қолдауымен BAURZHAN Foundation» жеке қорының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өтті. 13 пен 16 жас арасындағы қыздар жарысында  Рудный қаласынан келген  Ольга Ким, ал 9 бен 12 жас аралығындағы сында Қарағанды облысы «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Тузова Евгения жеңімпаз атанды. Енді олардың Шанхай қаласындағы ...

    Read More »