• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда «Пинг-понг ханшайымы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

    27-28 тамыз күндері Алматыда Қазақстанның үстел теннисі федерациясы мен  ҚХР-дың бас консулдығының қолдауымен BAURZHAN Foundation» жеке қорының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өтті.

    13 пен 16 жас арасындағы қыздар жарысында  Рудный қаласынан келген  Ольга Ким, ал 9 бен 12 жас аралығындағы сында Қарағанды облысы «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Тузова Евгения жеңімпаз атанды. Енді олардың Шанхай қаласындағы спорт мектебіне баруға мүмкіндігі болады.

    27 тамызда үстел теннисі федерациясында баспасөз мәслихаты мен турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Оған ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Чжан Сяоцин, үстел теннисі федерациясының атқарушы директоры Малик Бейсалиев пен «Нұр Отан» партиясының Алматы калалық бөлімшесі төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев қатысты. Олар бірегей бұл әлеуметтік жобаның маңыздылығын айтып өтті.

    Сондай-ақ салтанатты шарада ашылуда кәсіби спортшылардың қатысуымен шеберлік сағаты өтіп, жас спортшы қыздар өздерінің қабілеттерін шыңдай түсуге және жақсылап шынығуға мүмкіндік алды. Қыздар жарыста өздерін еркін ұстап, еш жасқанбай  ойнады.

    Турнирдің бірінші кезеңі еліміздің 14 аймағынан келген 34 тәрбиеленуші арасында өтті. Жас спортшы қыздар 9-12 және 13-16 жас аралығында өнер көрсетті.

    Бұл турнирдің маңызы жайында «Baurzhan» қарынан  ұйымдастырушысы Динара Қадыр да айтты. « Біздің «Пинг-понг ханшайымы» турнирін өткізудегі ең маңызды шабыттандырушымыз – балалар үйінің тәрбиеленушілері мен олардың спортқа деген қызығушылығы. Мына шара – оларға деген кішкене сыйымыз. Кім біледі, мүмкін осы турнирдің арқасында біреулері спорт әлемінен өз орнын тауып болашақта чемпион атанар», деді ол.

    28 тамыз күні турнирдің финалы өтті. Чемпион атанған 9 жастағы Евгения Тузова жас кішілігіне қарамастан қарсыластарының бәрін жеңді. Енді ол жарыстың тағы бір жеңімпазымен  Қытайдың Шанхай қаласына барады.

    Турнирдің соңында қыздарды Алматы қаласының мәслихат депутаты Асылхан Төлепов, «Нұр Отан» партиясының Алматы калалық бөлімшесі төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев, балуан Ислам Байрамуков, ҚХР-дың Бас консулдығының жауапты атқарушысы Мияо Хонгбо құттықтады.

    Томирис КЕРІМҚҰЛОВА

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *