• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Yearly Archives: 2021

    I Кенжалин оқулары

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы 2021 жылғы 30 сәуір күнгі сағат 14.00-де Ж.О. Кенжалин атындағы «Баспасөз және жаңа медиа» оқу-шығармашылық зертханада (жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, профессор Клара Қабылғазина) елімізде ақпараттық менеджмент теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаған белгілі ғалым, талантты БАҚ ұйымдастырушысы, жазушы-публицист, саясат ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Жұмабек Омарұлы ...

    Read More »

    Құлахмет қарсыласын құлатты

    Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Осы жарыста күш сынасқан Тұрсынбай Құлахмет өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантты. Жанкүйерлер Тұрсынбайды әуесқой боксшы ретінде жақсы біледі. 75 кило салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан ол 2019 жылы Азия чемпионы атанып, әлем біріншілігінде қола медальді иеленді. Былтыр кәсіпқойлар арасында күш сынасуға бел буды. Сол кезден бері екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске ...

    Read More »

    Түркияда тегістей ұтылдық

    Түркияның Анталия қаласында дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста Қазақстанның сегіз балуаны өнер көрсеткен еді. Өкінішке қарай, біздің жігіттердің ешқайсының жеңіс тұғырына көтерілуге күш-жігері жетпеді. Ең үздік нәтижеге 90 кило салмақ дәрежесінде белдескен Ерсұлтан Мұзафаров қана жетті. Бастапқыда канадалық Захари Бурттен, италиялық Николас Мунгай және тунистік Әбделәзиз Вен Аммардан айласын асырған қандасымыз жартылай финалда түркиялық Михаэль ...

    Read More »

    Әлемдік дода Ташкентте өтеді

    Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстанның бас шаһары –Ташкентте өтеді.  Бұл жайында АИБА-ның президенті Умар Кремлев мәлімдеді.   Осындай маңызды жарыстың Ташкентте өтуі тегін емес. Соңғы кездері айтулы мемлекеттің былғары қолғап шеберлері толағай табыстарға қол жеткізіп жүр. Оны мойындауға тиіспіз. Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді олжалаған Өзбекстан құрамасы жалпы командалық ...

    Read More »

    Сегіз жылдан бері жалғасын тапқан турнир

    Волейбол спортының елімізде кәсіпқойлар арасындағы даму қарқыны қай деңгейде екені ұлттық құраманың, клубтардың  әлемдік додалардағы жетістігімен өлшенеді ғой. Әуесқойлар арасында волейбол спорты кеңінен қанат жайған. Оған ауыл ішілік, ауданаралық, облыстық, республикалық турнирлерге қатысуға ынта танытқан командалардың көптігі дәлел. Осындай сайыс сегіз жылдан бері Райымбек, Кеген аудандарының әуесқой волейболшылары арасында үзбей өткізіліп, дәстүрге айналған. Ай сайын бір мәрте болатын додаға екі ...

    Read More »

    Бекзат болмыс

    Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Жақында әріптес ағамыз, белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай фәни дүниеден бақиға аттанып кетті. Бұл қазаны қолына қалам мен микрофон ұстаған барлық журналистер ауыр қабылдады. Өйткені, Дүрәлі аға жаны жайсаң, адамгершілігі мол, көркем мінезді, ақжарқын, ақкөңіл, кеңпейілді адам еді. Мен де басқа әріптестерім сияқты әуелі қайғыға біраз уақыт сенбей жүрдім. 22 наурызда маған жайсыз хабарды әкем мен ...

    Read More »

    Мұрат ТЕМІРӘЛИЕВ : Ел таеквондосының ертеңіне сенімдімін

    Тоқсаныншы жылдардың басында Алаш топырағына корейлер ойлап тапқан өнердің ұрығын сепкен қара белбеу, алтыншы дан иегері Мұстафа Өзтүрік екенін көпшілік жақсы біледі. Сонау Германиядан Атажұртын аңсап келген асыл азамат Қазақстан халқын таеквондомен табыстырды. Ол танымал жекпе-жек шебері Бексейіт Түлиевпен бірігіп, елімізде осы спорт түрінің кеңінен құлаш жаюына көп күш салды. Ел-елде, жер-жерді үйірмелер ашылды. Жастар спорт залдарға беттеді. Таеквондоның тұнығына ...

    Read More »

    Қазақ спортының тарихшысы

    Жақында белгілі қаламгер, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбек «Қазақтың 72 бапкері» мен «Саңлақ» деген кітаптарын шығарып, оқырман қауымды қуантты. Қыдырбек ағаны қазақтың қалың оқырманы өткен ғасырдың 80-жылдарынан жақсы біледі. Ол кісі қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұлов басқарған «Лениншіл жас» газетінде қарымды қаламгер Несіп Жүнісбайұлымен бірге спорт тақырыбында қалам тартты. Сол кезден бері ол еліміздің барлық жаттықтырушыларымен, спортшыларымен, спорт мамандарымен, басшыларымен, ...

    Read More »

    Келіңіздер! Ойнаңыздар! Демалыңыздар! Ұтыңыздар!

    Құрметті  әріптестер! 13  наурызда  сағат  10. 00-де  «Бастау» бильярд клубында (Алматы  қаласы, Шагабутдинов  көшесі 109а,) бильярдтан журналистер арасында «Жас Алаш»  газетінің  100 жылдық мерейтойына арналған  турнир  өтеді. Қатысушыларға мерекелік дастархан жайылады! Жеңімпаздар  ақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталады! Турнирға қатысуға ниет білдірген БАҚ  өкілдері  мына телефондарға ( 8 707 503 81 48; 8 (727)  339 99 54)  хабарласып,  тіркеле алады. Турнирге қатысушылардың қызметтік ...

    Read More »

    Ізгілік іздесеңіз, оқыңыз

    Алматыдағы К. Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің шаңырағында тамаша бір спорттық шара болып өтті. Игілікті іс спорт журналисі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері Ақын Ордабайұлының «Ізгілікпен өрілген өмір» атты кітабының тұсаукесеріне орай ұйымдастырылды. Автор бұл еңбегіне  журналистика саласында 30 жылдан бері  сараптап саралап жазған еңбегін топтастырған.  Кітапты қолға алған оқырман қазақ спортының атын  әлемдік ...

    Read More »