• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Семсерлесушілер кадеттер арасындағы Азия кубогында үш жүлде алды

    Семсерлесуден кадеттер арасында өтіп жатқан Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан үш медаль жеңіп алды.

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды.

    Осы жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы үш жүлдені жеңіп алды. Олардың бәрі  — қола медаль.

    Наиля Исхакова қыздар арасында қылышпен айқасудан үшінші орын алса, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде қола жүлдеге ие болды.

    Бұған дейін Қазақстан құрамасы семсерлесуден Грузия астанасындағы әлем чемпионатында Францияны жеңіп, тарихи медаль алған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *