Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы 2021 жылғы 30 сәуір күнгі сағат 14.00-де Ж.О. Кенжалин атындағы «Баспасөз және жаңа медиа» оқу-шығармашылық зертханада (жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, профессор Клара Қабылғазина) елімізде ақпараттық менеджмент теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаған белгілі ғалым, талантты БАҚ ұйымдастырушысы, жазушы-публицист, саясат ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Жұмабек Омарұлы Кенжалинді еске алуға арналған І Кенжалин оқулары аясында дәстүрлі «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: БАҚ менеджменті мен маркетингі және PR» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Халықаралық конференцияның жұмысы «Белгілі ғалым, қабырғалы қаламгер Жұмабек Кенжалиннің қоғаммен байланыс пен журналистиканың өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми еңбектері және публицистикалық туындылары», «Замана алға тартқан түйткілдер және әлеуметтік коммуникацияның жаңа технологиялары: Қазақстандағы қоғаммен байланыстың жаңа моделі», «COVID-19 пандемиясының отандық медиабілімге әсері және студенттерді оқытудың дуальді әдісінің ерекшеліктері» бағыттары бойынша ұйымдастырылып отыр.
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының доценті, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы бола жүріп, Жұмабек Кенжалин әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2010 жылы «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: PR, БАҚ менеджменті мен маркетингі», 2011 жылы «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: Қазақстанның қоғамдық-саяси баспасөзінің қалыптасып, дамуы» және «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: тәуелсіздікті нығайтудағы БАҚ рөлі», 2014 жылы «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: замана талабы мен талғамы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастырып, өткізді. Практик-ғалымның «Саяси менеджмент және баспасөздің жұртшылықпен байланыс мәселелері» атты оқу құралы, сондай-ақ ақпараттық менеджмент пен маркетинг бойынша жасаған ғылыми-әдістемелік талдамалары бүгінде факультет педагогтары мен студенттерінің игілігіне қызмет етуде.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІСТЕРІ:
І – секция. «Белгілі ғалым, қабырғалы қаламгер Жұмабек Кенжалиннің қоғаммен байланыс пен журналистиканың өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми еңбектері және публицистикалық туындылары
ІІ – секция. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қазақстандағы қоғаммен байланыстың жаңа моделі»
ІІІ-секция. «COVID-19 пандемиясының отандық медиабілімге әсері және студенттерді оқытудың дуальді әдісінің ерекшеліктері»
Конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті билік өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар, БАҚ басшылары мен тілшілері, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысады. Ғылыми басқосу барысында белгілі PR мамандары мен журналистер шеберлік сабақтарын өткізеді. Жұмыс қорытындысы бойынша Қарар қабылданады.
Конференцияның материалдары электронды жинақ болып жарық көреді.
Жарияланымдарға қойылатын негізгі талап – конференцияға қатысып, баяндама жасау. Баяндаманың мазмұны конференцияның тақырыбымен сәйкес келуі тиіс. Материалдарды өткізу мерзімі 2021 жылғы 23 сәуір.
Мақалаларға қойылатын талаптар:
- Баяндама (мақала) мәтіні MS Word бағдарламасында дайындалып, көлемі 5-7 беттен аспауы тиіс. Кестелер, сызбалар, суреттер тақырыппен белгіленіп, Windows бағдарламасында берілуі керек.
- Беттің параметрлері: барлық жиектері 2 см.
- Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
- Жоларалық интервал — 1. Абзац: 1,25 см.
- Сілтеме қолданған жағдайда дереккөзді көрсету шарт. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі. Мәтіндегі әдебиеттерге жасалған сілтемені ескертулер ретімен нөмірлеріне сәйкес «шаршы» жақшаларға алу қажет. Мысалы: [1, 156].
Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын мына e-mail-ге жіберу керек: jebe55@mail.ru;
Жинақтың редакция алқасы ұсынылған материалдардың мазмұнына жауапты емес және баяндамаларды таңдауға ерікті.
Конференцияға қатысу үшін өтінімдер төмендегідей үлгіде қабылданады:
ТІРКЕЛУ ҮЛГІСІ
- Тегі, есімі, әкесінің есімі (толық)____________________________
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы______________________________
- Мекеме, қызметі______________________________________
- Мекен жайы____________________________________________________
- Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)___________
- E-mail_____________________________________________________
- Мақала тақырыбы______________________________________________
Конференцияға баяндама дайындау
Тыңдаушы ретінде қатысу
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Назгүл Тұрсынбайқызы Шыңғысова, тел.: 8-(727) 377 33 33 ішкі 19 42; ұялы тел.: 8-7019939007, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Дариға Тыныштыққызы Ғұбашева – 87785111045, кафедраның профессоры Жетпісбай Бекболатұлы – 87014444732