• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 15.03.2023

    Футболдан әлем чемпионатын өткізу тәртібі бекітілді

    Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшылық кеңесі 2026 жылғы әлем чемпионатының өту тәртібін бекітті. ФИФА-ның хабарлауынша, енді 2026 жылы АҚШ; Канада мен Мексикада өтетін әлем чемпионатына 48 елдің ұлттық құрама командалары қатысады. Мундиальдың топтық турнирі 72 матчтан тұрады. 12 топтың әрқайсысына төрт құрамадан бөлінеді. Әр топтан екі құрама, сондай-ақ үшінші орын алғандар арасынан 8 үздік команда 1/16 финалға жолдама алады. Жарыста ...

    Read More »

    «Газпром» Орталық Азияның алғашқы чемпионатына демеушілік жасайды

    Ресейдің «Газпром» акционерлік қоғамы футболдан алғаш рет Ташкент пен Бішкекте Орталық Азия Футбол ассоциациясының ұйымдастыруымен өтетін Орталық Азия чемпионатына қаржылай көмек көрсетуді жоспарлап отыр. CAFA ұйымы 2014 жылы құрылған. Оған Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан федерациялары кіреді. Турнир 9-21 маусымда Бішкек пен Ташкентте өтеді деп жоспарланып отыр. Оған сегіз құрама қатысады. Қазір чемпионатқа қатысуға CAFA-ның алты мүшесінің бәрі ...

    Read More »

    Бір матчта – 5 гол: «Манчестер Ситидің» шабуылшысы жаңа рекорд жасады

    «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлинг Холланд Чемпиондар лигасында жаңа рекорд жасады. Бүгінтүнде футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалында қарсылас командалардың екінші матчтары өткен болатын. «Манчестер Ситидің» өз алаңында «Лейпциг» клубымен кездесіп, 7:0 есебімен жеңіске жетті. Осы ойында Эрлинг Холланд 5 гол соқты. Бұл норвегиялық сұрмергеннің турнир тарихында 25 матчтағы 30-добы болып тіркеліп отыр. Оған дейінгі рекорд Руд Ван Нистелройға тиесілі еді. ...

    Read More »

    Ресей Орталық Азия Футбол ассоциациясы чемпионатына қатысады

    Маусым айында Ресейдің ұлттық құрама командасы Ташкент пен Бішкек қаласында өтетін Орталық Азия Футбол ассоциациясының (CAFA) чемпионатына қатысады. Бұл дода 9-21 маусым аралығында алғаш рет өтеді. Чемпионаттың топтық кезеңдегі матчтары Өзбекстан мен Қырғызстанда өткізу жоспарланып отыр. Ал  CAFA өзінің барлық алты мүшесі – Тәжікстан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Ауғанстан командаларының турнирге қатысатындарын анықтап қойды. Сонымен бірге CAFA турнирге Азия ...

    Read More »

    Рыбакина мастерс турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Рыбакина төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-орында тұрған ресейлік Варвара Грачевамен кездесті. Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған кезде Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 6:3 етті. Екінші ...

    Read More »