• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Жібек Құламбаева Мадрид турнирінің жеңімпазы атанды

    Жібек Құламбаева жұптық сында Испанияның Мадрид қаласында өткен ITF W100 турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Финалда Құламбаева мен Уэрго испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте испандықтар 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші сетте Жібек пен Николь 7:6 (7:4) есебімен есесін қайтарды.

    Жеңіс тағдырын шешкен чемпиондық тай-брейкте Қазақстан мен Италия өкілдері қарсыластарын 10:4 есебімен басып озды.

    Бұл — Құламбаева мен Уэргоның бірге жеңіп алған бесінші титулы. Сонымен бірге олардың биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі және W100 санатындағы алғашқы бірлескен жетістігі.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *