• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Чемпиондар ұстаханасы әз Наурызды қарсы алды

    Елімізде Наурыз мейрамы әлі жалғасын тауып, жер-жерде сән-салтанатымен өткізіліп келеді.

    Алматы қаласындағы Қаркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі шаңырағы керемет Ұлыстың ұлы күнін көктемгі көңіл-күймен қарсы алды.

    Мерекелік наурызда сахна төрінде ұлттық салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымызды мектеп-интернат ұжымының ұстаздары тамаша сахналық көріністер арқылы көрсете білді. Ата-бабымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, үзбей келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сахналаған кезде кеудемізде ерекше мақтаныш пайда болары сөзсіз. Әсіресе, баланы бесікке бөлеу, тұсаукесер, беташар секілді дәстүріміздің берекелі тұстары өте әсерлі қойылым-көріністер арқылы көрсетілді.

    Спортта ғана емес, өнерде де құр алақан емес екенін айтулы мектеп-интернат колледжінің ұжымы мен оқушылары тамаша көрсете білді. Сахна алдына шыққандар өз көрермендерінің көңілінен шығып, мерекелік көңіл-күйді сыйлады. Мектеп-интернат колледжінің директорының міндетін атқарушы Нұрсейіт Сағымбайұлы Жақсылықов пен оның орынбасарлары Жанна Бәйділдәқызы мен Салтанат Орынқызының жұмыла көтерген жүгі өз берекетін беріп, мереке өте жақсы ұйымдастырылғанының куәсі болдық.

    Мейрамда ұлттық спорттың әр түрінен түрлі сайыстар өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрметпен марапатталды.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *