• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Almaty Resort» премиум-санаттағы құрылғы арқылы жаңа реабилитациялық емді ұсынады

    «Almaty Resort» шипажайында жаңа, бірегей емдеу әдісі енгізілді. Бұл процедура адамды жарақаттан, операциядан, инсульттан кейін қалпына келтіруге, сондай-ақ науқастың екінші типті қант диабеті мен тірек-қимыл жүйесі ауруларымен күресуіне көмектеседі.

    VIP HI-LINE заманауи құрылғысы сондай-ақ, физикалық жүктемесіз кардио және күштік жаттығулардың нәтижесін бере алады.

    Терапевт-дерматокосметолог Сандуғаш Шахбатырованың айтуынша, бұл аппараттың басты ерекшелігі — дене мен беттегі терең бұлшықеттермен жұмыс істейді. Басқа әдістерден айырмашылығы — ол дірілдетіп немесе қыздырмайды, әлсіз қуат ағыны арқылы өте нәзік әсер етеді. Бұл әдіс қауіпсіз әрі тиімді, әсіресе іш, бел және иек үшін таптырмайтын әдіс.

    Процедура әлсіз бұлшық еттерді күшейтеді. Бұлшық ет түйілуін жояды, қан айналымын жақсартады, тіндерді оттекпен қанықтырады. Бұл тек денсаулықты қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар сырт келбетті жақсартуға көмектеседі. Тері балғын, тартылған күйге келеді, адам өзін сергек сезінеді.

    VIP HI-LINE құрылғысы отаға дайындық кезінде де, одан кейін қалпына келу кезеңінде де қолданылады. Косметологиядағы пайдасы да орасан — тыртықтар, терінің созылуы мен жасқа байланысты болатын басқа да  өзгерістерімен күресуге көмектеседі.

    Процедура қауіпсіз, наркозды қажет етпейді. Бірақ, әрине салауатты өмір салтын алмастырмайды. Дегенмен, денсаулықты қалпына келтіру мен жасаруға бағытталған тиімді көмекші бола алады. Кеңес алу және жазылу үшін телефон: +7 701 099 9333.

     

    Салтанат ҚАЖЫКЕН,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *