• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 16.03.2023

    Үндістанда бокстан әлем чемпионаты басталды (ВИДЕО)

    Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні күндізгі сессияда 52 келіге дейінгі салмақтағы Азия чемпионатының жүлдегері Жазира Орақбаева рингке шықты. Ол Тайвань өкілі Чиа-Хсунь Чанмен қолғап түйістіріп, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундтың басында төреші жекпе-жекті тоқтатты. Сөйтіп, Жазира Орақбаева қарсыласын техникалық нокаутпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Еліміздің басқа боксшылар ертең ...

    Read More »

    Жүлде қоры – 75 миллион теңге: Шымкентте республикалық этно фестиваль өтеді (КЕСТЕ)

    20 – 22 наурыз аралығында Шымкент қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау және жаңа ипподромның ашылуы аясында GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалі өтеді. BIG QAZAQ GAMES – көшпенділердің ұлттық коды негізіндегі олимпиаданың аналогы. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау, бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының өнерін, қабілетін бағалау, ...

    Read More »

    Шавкат Рахмоновты енді спортты қолдау қоры қаржыландырады

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов енді келесі кездесулеріне дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды. Бұл ретте министр кезекті жеңісінен оралған спортшымен жеке кездескеніне тоқталған. Мен Шавкатты жақында американдық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау ...

    Read More »

    Еуропа одағы Беларусьті футбол турнирлеріне қатыстырмауды талап етті

    Еуропа Парламенті УЕФА-дан Ресейдің соңынан Беларусьті де құрлық чемпионатының іріктеу турнирінен шығаруды талап етті. Бұл туралы 024.by хабарлады. Еуроарламенттің депутаттары УЕФА президенті Александер Чеферинге Беларуське қарсы санкцияны күшейту туралы хат жолдады. Осыған байланысты футболдан Беларусь елінің ұлттық құрамасы Ресей командасымен бірге Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін іріктеу турнирінен шығып қалуы мүмкін. 024.by-тің хабарлауынша, Еуропарламенттің депутаттары чемпионатқа Беларусь құрамасының қатысуы халықаралық ...

    Read More »

    Алматыда футбол жанкүйерлері жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

    Алматыдағы орталық стадионда футбол матчтарының бірінде жанкүйерлер арасында төбелес болған. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы Ruh_Ultras парақшасына жарияланды. Бейнежазбадан тәртіп сақшыларын да көруге болады. Жазбаның сипаттамасында төбелестің «Қайрат» пен «Каспий» футбол клубтары арасындағы матч кезінде болғаны хабарланған. Оқиғаға қатысты полицейлер түсінік берді. Алматы қалалық ПД орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлердің адам көп жиналатын ...

    Read More »