Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті. Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш іс-шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін 30 саудагер бақ сынады. Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды мақсат еткендер де бар. Турнир Алматы қаласы Didda sport үстел теннис ...
Read More »Басты тақырып
Су добының саңлағы немесе спорттың осы түріндегі өзекті мәселе
Су добынан Кеңестер Одағының құрамасында ойнаған талантты тұлға, Қазақстанда спорттың осы түрінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер Асқар Оразалинов — қазақ спорты тарихында су добынан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сонар биікке шыға білген спортшылар саусақпен санарлық солардың бірі де бірегейі. Ол су добынан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы. Асқардың су добы спортында жеткен жетістіктері бір түйеге ...
Read More »Нидерландтағы Наурыз
Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында адамзат өркениетіндегі ең көне әрі мағыналы мерекелердің бірі – Наурыз кең көлемде аталып өтті. Айтулы мейрам Нидерландтың әртүрлі қалаларында тұратын отандастарды ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне қызығушылық танытатын жергілікті тұрғындарды да бір шаңырақ астына жинады. Іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымының Нидерландтағы филиалы ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар Кәмшат Демеуова мен Дилек Тастемір-Қалқан келген қонақтарға қысқа уақыт ішінде ...
Read More »Өмірлеріне серпін берген жарыс
Әз-Наурыз мейрамына орай еліміздің әр өңірінде спорттық ойындар болып өтті. Сондай берекелі, мерекелі күннің аясында өткен іс-шараның бірі Алматы облысы Іле ауданының Өтеген кентінде ұйымдастырылды. Негізі Өтеген кентінде ардагерлері спорты өте жақсы дамып келеді. Осы өңірдегі спортқа жанашыр майталмандардың атсалысумен спорттың әр түрінен ардагерлер арасында байрақты жарыстар өткізіліп келеді. Шағын футболдан Наурыз мейрамына қатысты ұйымдастырылған ардагерлер жарысында «сырлы аяқтың ...
Read More »«SARBAZ+» жобасының сарбаздары халықаралық додада бақ сынады
Алматы қаласында өткен джиу-джитсудан халықаралық «NAURYZ OPEN» ашық турнирі отандық спорт пен әскери саланың түйіскен тұсындағы тарихи оқиғаға айналды. Алғаш рет халықаралық деңгейдегі кәсіби жарысқа «Sarbaz+» серпінді жобасы аясында дайындалған мерзімді қызметтегі 9 сарбаз қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Меморандум – жеңістің ресми іргетасы Бұл жетістік Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубы мен №78460 әскери бөлімі арасындағы жасалған меморандум аясында ...
Read More »Қазақстан Орталық Азияда таза спортты ілгерілетуде негізгі рөл атқарады
Туризм және спорт министрлігі Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (ВАДА) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Рәсім Польшаның Торунь қаласында өткен жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында болды. Құжатқа министр Ербол Мырзабосынов пен ВАДА президенті Витольд Банька арасындағы кездесуде қол қойылды. Меморандум еліміздің таза спорт қағидаттарына берік екенін растайды. Сондай-ақ тапсырмаларын іске асыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады. ...
Read More »Сайыпқыран. Тараздық жас балуан – Қазақстан чемпионы
Бүгін “Сайыпқыран” айдарын одан әрі жалғастырамыз. Оқырман назарына Тараз қаласының тумасы, жас спортшы Бақдәулет Ерболұлы Тұрсынбек туралы материалды ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бақдәулет Тұрсынбек — грек-рим күресінен жастар арасында үлкен жетістікке жетіп жүрген балуан. Ол 2026 жылдың 24 ақпанында Астана қаласында өткен U-20 Қазақстан чемпионатында 77 келі салмақта алтын медаль жеңіп алып, ел чемпионы атанды. Балуан 2006 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. ...
Read More »Бозкілемдегі бәсеке: Таразда таланттар танылды
Тараз қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Он күнге созылған чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен келген 2 034 жас балуан қатысты, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Аталған дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ ұлттық құрама сапына үміткер балуандарды анықтауда маңызды жарыстардың бірі саналады. Әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар Қазақстан ...
Read More »Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров референдумда дауыс берді
Бүгін Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Жұмабайұлы Орынбасаров пен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері, лейтенант Сара Бақтыбайқызы Рахмонова жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. Облыстық мәслихат депутаты Іле ауданы, Мұхаметжан Түймебаев ауылындағы «Келешек» мектебінің ғимаратында орналасқан №1058 дауыс беру учаскесінде таңдау жасады. Спорт пен мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген танымал жұп сайлау учаскесіне бір жасар қыздары Томиристі ерте ...
Read More »Әли Алпысбаевтың 70 жас мерейтойына арналған музыкалық кеш
Қазақконцерт танымал композитор, дирижер, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Демегенұлы Алпысбаевтың 70 жас мерейтойына арналған музыкалық кеш өткізеді, деп хабарлады «Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы» МКҚК. Концерттік бағдарламада композитордың «Алаш елі», «Төсбұлақ» күй-поэмалары, «Әке», «Аққуым болып оралдың ба?», «Жұлдыз — ғұмыр», «Аман болшы, жан ана», «Бақыт вальсі», «Махаббат вальсі», «Қазақ елі» әндері мен басқа да туындылары орындалады. Іс-шараға ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары