• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы

    Асыл азамат алпыстан асты

    Қазақтың асыл азаматы, қазақ күресін әлем аренасына шығарған алаштың аяулы ұлы Серік Түкеев 62 жасқа толған туған күнін негізсіз тағылған жалған айыптан қара түнек тар қапаста қарсы алып отыр. Қазақ қашанда батырын әспеттеп, жауын жерге тізерлеткен ұлы халық деп жарқын-жарқын айтып жазамыз. Олай болса еш кінәсіз қамақта отырған батыр бауырымызды қалайша ел болып, үн қосып шығарып ала алмаймыз? Осыған таңғаламын. ...

    Read More »

    Қазақ күресінің қара нары

    Жалпы өмірде жүрген жерінде жан-жағына жылу шашып, адамдарға жақсылық жасап жүретін адамдар болады. Сондай асыл азаматтың бірі ғана емес, бірегейі Серік Адамболсынұлы Түкеев ағам асқаралы 62 жасқа толып жатыр. Алайда, ел үшін туылған есіл ер туған күнің отбасы, ағайын-тума, достарының ортасында емес тар қапаста қарсы алуда. Нақты айтар болсақ, жазықсыз жабылған жаланың құрбаны болып отыр. Қазақ күресін өрге сүйреп жүрген ...

    Read More »

    Ұлттық күрестің ұраншысы

    Серік Адамболсынұлы Түкеев! Қазақ спортының тарихында қазақ күресін алғаш рет Еуропа мен Азияны айтпағанда, Африка елдеріне, Бразилия мен Үндістанға жеткізген, 7 мәрте ересектер арасындағы әлем чемпионатын, 11 Азия біріншілігін, 3 әлем кубогын өзі бас болып ұйымдастырған нағыз ұлтжанды азамат! Бұл кісі осы еңбегімен ұлтымыздың спорттық тарихында қалды. Кезінде Серік Түкеев қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионатын ұйымдастыруға кіріскенде оның бұл тірлігіне күле ...

    Read More »

    Ерім дейтін ел болмаса, елім деген ер қайдан болсын?

    Дана халқымыздың осындай тамаша сөзі бар. Алайда, көп жағдайда бұл сөздің мағынасына мән бере бермейтініміз рас. Жақында қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеріп жүрген қос азамат Ислам Әбішев пен Серік Түкеевтердің басына іс түскен кезде барып, мен бұл сөздің не үшін айтылғанына көзім жетіп отыр. Елім деп жүрген азаматтарға қолдау көрсетіп, оларды Ерім дейтін кез келгендіктен қолыма қалам алдым. Серік Адамұлының ...

    Read More »

    Елеусіз қалмас еңбектер

    Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішіндегі одағай түрі, ежелден тарам-тарам ұрпақ арқылы жалғасып келе жатқан  қастерлі де қазыналы қазақ күресі бүгінгі таңда ерекше мазмұнға ие болып, жастарымыздың сүйіп шұғылданатын спорт түріне айналып отыр. Қазақ күресі өзінің  тарих жеңісіне  2004 жылдың  мамыр айының 12-15 күндері Германияның Берлин қаласында өткен Бүкіләлемдегі қазақтардың құрылтай жиынында жеткен еді. Сол бір алқалы жиында 16 мемлекеттен келген ...

    Read More »

    Құрлықта қазақ күресінің қатары көбейді

    Нидерланды Корольдігінде қазақ күресінен Еуразия кубогы үшін командалық жекпе-жектер өтті. Еуропа мен Азияның кіллі мықтыларын жинаған бұл жарысты Дүниежүзілік қазақ күресі федеарциясы, Біріккен күрес Одағымен (UWW)  бірігіп ұйымдастырды. Қатысушы командалар екі топқа бөлініп өнер көрсетті. Айталық, Еуропа аймағынан  Голландия, Беларусь, Германия мен Грузия елдерінің палуандары күш сынасса,  Азиядан Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның таңдаулы спортшылары бозкілемде  тартысты белдесулер өткізді. Жарыста ...

    Read More »

    Қазақ күресі – Ұлы даланың үлкен өнері

    Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті, қазақ күресінен Азия федерациясының президенті Серік КЕНЕНБАЙМЕН әңгіме Қазіргі кезде елімізде есте жоқ ескі заманнан бері ата-бабамыздан тарам-тарам ұрпақ арқылы келе жатқан ұлттық күресімізді ел-елге, жер-жерге таратып, насихаттап, дамытуға қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап, төл күресіміздің туын тігіп, төрге шығарып жүрген азаматтар баршылық. Құдайға шүкір, еліміз 1991 жылы тәуелсіздігін жариялап, азаттықтың ақ таңы арайлап атқан ...

    Read More »

    Қарт құрлықта қазақ күресінен Еуразия кубогы турнирі өтеді

    22-23 желтоқсанда Нидерландыда қазақ күресінен Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы мен Біріккен күрес әлемінің  (UUW) ұйымдастыруымен Еуразия кубогы үшін жарыс жалауын желбіретеді. Оған Еуразияның ең мықты 10 елінің, атап айтқанда, Қазақстан, Бельгия, Германия, Голландия, Грузия, Беларусь, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мен  Тәжікстанның палуандары қатысады. Айтулы жекпе-жектің жүлделі қоры теңгемен есептегенде – 20 млн теңге. Сондықтан да бұл бәсекенің тартысты өтетіндігінде дау тумас. ...

    Read More »