• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Төрт құрлықта Түкиевтің тулары тұр

    Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясын табаны күректей 13 жыл басқарып, қазақтың өзі жөндеп қадіріне жете қоймаған ұлттық күресті төрт құрлыққа мәлім қылып, 30-ға жуық елде федерация құруға қол жеткізген Серік Адамболсынұлы, міне, алты айға жуық жаламен қамауда отыр.

    Тамыздың 13-і күні Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бір топ спорт қайраткерлері мен атақты спортшылар ашық хат жолдаған едік. Қазір сол хатқа қол қойғандар саны 10 мыңнан асты. Осының өзі Серік Түкиевтің ел арасындағы беделінің жоғары екенін білдірсе керек.

    Қадірлі ағайын, егер спорттың әр түрін осы Серіктей азаматтар қолға алып, талмай, шын жанашырлықпен тер төксе, Қазақстан спортының жағдайы қазіргі деңгейінен әлдеқайда жоғары болар еді. Біздер, спорт мамандары мен қайраткерлері, президент Тоқаевқа жазған хатымыз ол кісінің қолына тиіп, Серік Түкиев пен Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының қазіргі басшысы Ислам Әбішевтің бостандыққа шығуына тілектеспіз. Себебі, мен осы екі азаматтың ұлттық күреске сіңірген еңбегін көзіммен көріп, олар атқарған жұмыстың басы-қасында болған адаммын.
    Құзырлы орындар осы іске әділ, әрі жанашырлықпен қараса екен.

     

    Марат ЖАХИТ,

    Кеңес Одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *