• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлан-Батыр қаласында садақ атудан жарыстың жалауы желбіреді

    Моңғолия мемлекеті дәстүрлі садақ атудан І халықаралық турнирді Ұлан-батыр қаласында ұйымдастырды. Қыркүйектің 5-9 күндері аралығында өткен бұл жарыста 27 мемлекеттің алпысқа жуық мергендері бақ сынады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.

    Мергендік сайысынан Моңғолияда ұйымдастырылған І халықаралық турнир «Азия стилі», «Корей стилі», «Еуропа стилі» және Моңғолия дәстүрлі садақ ату стилі бойынша өтті. Қаршадай баласынан, қажырлы қариясына дейін ұлттық садақ атуды ежелден машық қылатын Моңғолия елінің мергендері  өз астаналарында  өткен І халықаралық турнирдің жүлделі орындарын талассыз иеленген. Тіпті, ат үстінен садақ атудан әлем чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, мажарстандық әйгілі мерген Кристоф Арпаттың өзіне бұл турнирде төртінші орынды қанағат тұтуға тура келіпті.

    Суретте: Моңғолияның Ұлан-батыр қаласында өткен І халықаралық турнирге қатысушы, ат үстінен садақ атудан халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, еліміздің айтулы мергендерінің бірі Елдос Бадашев.

    Моңғолия мемлекеті ұйымдастырған І халықаралық турнирге қатысушы 27 мемлекет қатарында АҚШ, Сауд Арабиясы, Қытай, Ресей, Германия, Канада, Тайланд, Австралия, Финляндия сияқты дәстүрлі садақ ату спорты дамыған елдер бар. Бұл жарысқа біздің елден халықаралық жарыстардың жүлдегері, жуырда ат үстінен садақ атудан Оңтүстік Кореяда өткен ХV әлем чемпионатында жүлдегер атанған сұрмерген Елдос Бадашев қатысып қайтты. Еске салып өтейік, биылғы жылы біздің дәстүрлі садақ атушы спортшыларымыз Мажарстанда өткен Әлем кубогына,Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатына, Түркияда өткен дүниежүзілік жарыста бақ сынады.

     

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *