• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Самбо

    Жанымда сол жекпе-жек

    Айтжан Шаңғараев Әлем кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, КСРО кубогының иегері Ауыл шетіндегі шағын төбешікке бір топ бала жарыса жүгіріп барады. Мақсат — түйенің өркешіндей шоқиып тұрған төбенің басына бірінші болып жүгіріп шығу. Бұтында шолақ қара шалбар, үстіне ақ көйлек киген шымыр келген қара бала қатарластарын артқа тастап, төбенің басына бірінші болып жүгіріп шықты. Бейне бір тұғырына қонған қыран ...

    Read More »

    Спорт академияның спортшылары сыннан сүрінбеді

    Қазан айы қоржынымыз медальға толып, жүлде жинадық. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшылары бірнеше ірі халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанды, жүлдегер болды. Күні кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер және жастар арасында Азия Кубогы өткен болатын. Аталған додада академияның спортшылары бақ сынап, жақсы өнер көрсетті. Жастар арасында жарыс жолына шыққан Жанасыл Әнуаров 73 килода, қыздар арасында Зарина Сарипова ...

    Read More »

    Алматы облысында балуанға құрдастары құрмет көрсетті

    1982 жылы туған азаматтардың биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл. Осындай айтулы шара Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылындағы Майлы Орманов орта мектебінде де өтті. 1999 жылы алтын ұядан қанаттанып ұшып, үлкен өмірге қанат басқан түлектер араға 20 жыл салып білім ошағына оралды. Бәрі де бір-бір саланың білгір мамандары. 1982 жылғы азаматтар Жылысай ауылының тумасы, самбо, қазақ күресі, дзюдо  күрес түрлерінен ...

    Read More »

    Семейде самбодан ел чемпионатына жолдама берілді

    Семей қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында, жауынгерлік самбо күресінен ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Шығыс өңірінде самбо күресінен өтетін жарыстардың негізгі ұйымдастырушылары – Семей қаласы бойынша №1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадаға резервті дайындайтын мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі (Семей спорт академиясы) мен Шығыс Қазақстан облыстық «Спорттық және жауынгерлік ...

    Read More »

    Алматыға жауынгер палуандар жиналды

    Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде самбо және жауынгерлік самбодан республикалық ашық  турнир мәресіне жетті. Екі күнге ұласқан тартысты турнирге еліміздің белді палуандары мен Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь елінің өкілдері қатысты. 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған турнир тартысты өтті. Қазақстанның генералдар кеңесінің кубогы үшін ұйымдастырылған сайыста 200-ден аса палуан  белдесуге түсті. 9 салмақ дәрежесі ...

    Read More »

    Қош, бапкер!

    (Қазбек Ибрашев сол жақтан санағанда бірінші тұр) Еліміздің батыс өңірінен суыт хабар келді. Əскери самбо күресінен аға жаттықтырушы, білікті бапкер Қазбек Нығметұлы Ибрашев мәңгілік сапарға кетті. Қазбек Нығметұлы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Тайпақ ауылында туған. Ол 27 жыл бойы  жаттықтырушы болып, талай палуандарды дүрмекті додаларға дайындады. Оның қол астында жаттыққан спортшылар Азия және әлем чемпиондары болды. Ал жақында ...

    Read More »

    Грекияда самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті

    20-21 қазан күндері Грекияда самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 18 елінен келген 270 палуан 7 жас ерекшелігі бойынша бақтарын сынап, жүлделерді өзара сарапқа салды. Осы байрақты бәсекеге қатысқан Қазақстан құрама командасы елге 6 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлдемен табысты оралды. Назарларыңызға жерлестеріміздің әлем чемпионатындағы көрсеткіштерін ұсынамыз: М1 (31-39 жас аралығы) Әсет Тоққужинов — 3 орын (82 ...

    Read More »

    Қазақстан үздік үштіктен көрінді

    Кеше кешкісін Сербияның Нови Сад қаласында самбо күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Соңғы күні 52 кг салмақта күрескен Жадыра Әміртаева ел қоржынына үшінші алтын жүлде салды. Бұдан басқа  Ақбота Арынғазина (64 кг) екінші орынды иеленсе, Ернұр Сүлеймен (56 келі), Қайыркелді Айдынбай (57 кг) мен Қайсар Шамшиддинов (100 кг) қола медальді қанағат тұтты. Сонымен Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Самбошы Бейбарыс Әбдіғани – әлем чемпионы

    Самбодан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 87 килодан аса салмақта сынға түскен Бейбарыс Әбдіғани қарсылас шақ келтірмей әлем чемпионы атанды. Енді сіздердің назарларыңызға өзге қазақстандық самбошылардың нәтижелерін ұсынамыз: Жасөспірімдер: Маргарита Бажаева — 3 орын (44 кг) Шадияр Қуандық — 3 орын (65 кг) Бейбарыс Әбдіғани – 1 орын (+87 кг) Жастар: Айжан Құдыретилла – ...

    Read More »

    Қазақстан самбошылары жүлдені санап жатыр

    Самбодан Сербияда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан самбошылары жеті жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жастар арасында Рамазан Мамаев (62 кг) әлем чемпионы атанса, Жадыра Пайыз (44 кг), Маржан Бизақ (56 кг) пен Ерасыл Бақыт (48 кг) күміс медальді, Дәурен Болатбекұлы (82 кг) қола жүлдені жеңіп алды.Ал олардың ізбасарлары Асқар Усбосынов (48 кг) пен ...

    Read More »