• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сегіз қырлы, бір сырлы балуан Хамит Ысқақұлы

    Қазақ күресі күресі жайлы тарих беттерін парақтай отырғанда, семейлік ардагер балуан Хамит Ысқақұлын көзіміз шалады. Орта Азияның 3 дүркін бас балуаны, самбо, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресінен Қазақстанның спорт шебері, КСРО спорт шебері атанған Хамит ағамыз сегіз қырлы бір сырлы жан. Қолына домбырасын алып ән салғанда, жаныңды тебірентеді.

    Ол елімізде қазақ күресінің дамуына зор үлес қосқан ардақты балуан. Қазақ күресінен де респуликалық көптеген жарыстардың түйе балуаны болып танылған. Бүгінде ағамыз жасына қарамай, спортты тастамай, самбодан  ардагерлер арасында өтіп тұратын әлем біріншілігінде жүлдегер атанып, Қазақстанның атын шығарып жүр. Хамит ағамызды қазақтың біртуар бауаны Балуан Шолаққа теңестіргің келеді. Бабамыз да балуандығымен қоса өнерпаз, әнші-сазгер болды емес пе. Балуан Шолақтың шығарған «Ғалия» әні күні бүгінге дейін, әрбір ортада шырқалып келе жатқан өміршең әннің бірі. Сондықтан да балуандардың арасынан да мықты әнші шығатынына күмән тумас. Оның бір нақты дәлелі Хамит ағамыздың өнерлі де өнегелі өмірі. Алла сізге ұзақ өмір, күш-қуат берсін аға. Ел арасында әніңізбен, сәніңізбен ұрпаққа үлгі болып жүре беріңіз.

    Мына төмендегі фотолар Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының  Астанада өткізген кезекті әлем чемпионатында түсірілген еді. Осы әлем біріншілігінде қазақ күресінің жанашыры, әлем аренасына шығарған ардақты азамат Серік Адамұлы Түкеев ағамыз, елдегі қазақ күресіне еңбек сіңірген барша ардақты ақсақалдарымызды шақырып, құрметтеген болатын. Сол бір күннің естелігі ретінде мына фотоларды сақтап қойған екенмін.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *