Жас спортшы Альтаир Омаров Қазақстанның бастамасымен БҰҰ жариялаған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн аясында отандық дипломаттардың «Бейбітшілік үшін велосипед» қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырған Шығыс Норвегия қалалары арқылы антиядролық велошеруге қатысты.
–Мен соғыстың болмауын қалаймын, барлық елдердің балалары бір-бірімен еркін ойнауына мүмкіндік болуы керек, — деді жас отандасымыз велошеру басталмас бұрын. Велошерудің ашылу рәсімі Норвегияның Брумундал қаласында ағаштан жасалған әлемдегі ең үлкен ғимараттың жанында өтті.
Норвегияда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай ұйымдастырылған велошеру басталды.
Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық іс-қимыл күні шеңберінде отандық дипломаттар «Bike for Peace» («велосипедшілер бейбітшілік үшін») қозғалысымен бірлесіп, Шығыс Норвегия қалалары бойынша антиядролық веложарыс ұйымдастырды.
Брумундаль қаласында өткен салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов, Рингсакер коммунасының мэрі Анита Иле Стин, беделді норвегиялық саясаткер, мемлекеттік зейнетақы қорының негізін қалаушылардың бірі, бұрынғы Норвегия Қаржы министрі Сигбьорн Ионсен, «Bike for Peace» қозғалысының негізін қалаушы Торе Нэрланд, ҮЕҰ өкілдері, антиядролық қозғалыс пен қоғам белсенділері қатысты.
Қазақстан Елшісі өз сөзінде, басты бағыттарының бірі ядролық қаруға қарсы күрес пен қаруды таратпаудың туралы айтып берді.
–Қазақстан Тәуелсіздік алған сәтте әлемдегі төртінші ядролық әлеуетке ие болды. Бұл ел өз еркімен барлық ядролық қаруын бөлшектеді. Бұл басқа ядролық елдер үшін үлгі», — деп атап өтті өз сөзінде «Bike for Peace» қозғалысының президенті Торе Нэрланд.
Брумундальдан Хамар қаласы аралығында өткен веложарысқа қатысушыларды қала мэрі Эйнар Бустеруд күтіп алса, қысқа үзілістен кейін спортшылар Хамардан Штангта дейін жарысты. Онда оларды мэр Нильс Рене де қарсы алды.
Веложарыста Қазақстан Елшісі Брумундал, Хамара және Штанге қалаларының әкімдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Кездесуде өзінің сұхбаттасушыларын Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың жуырда жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырды, коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша біздің ел басшылығының қабылдаған шаралары туралы тоқталып, ауыл шаруашылығы, «Жасыл» экономика, жаңартылған энергия көздері сияқты салалардағы өзара іс-қимылдың тиімді бағыттарын талқылады.
Алты күнге созылатын велошеру барысында қатысушылар Шығыс Норвегияның бірнеше қалаларына барады.
Рүстем ЖҰМАНҰЛЫ