• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ынтымақтастық туралы құжатқа қой қойылды

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК  мен «Астана медицина университеті» КЕАҚ ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

     Меморандум арнайы медициналық топтар  үшін дене шынықтыру мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және енгізу, емдік және бейімдік дене шынықтыруды жүргізу, бейімдік дене шынықтыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін негіз болады.

    Меморандум аясында «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Құтжанұлы Астана медицина университетінің ректоры, профессор Дайнюс Павалькиспен кездесті.

    –Меморандум шеңберінде біздің Орталықтың және Университеттің Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының, Спорттық медицина, реабилитология және дене шынықтыру кафедрасының қызметкерлері бірлесіп бағдарламаларды әзірлейді, баспа және электрондық басылымдарды, оқу-әдістемелік құралдарды дайындайды, ғылыми-практикалық конференциялар мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырады деп жоспарланып отыр, – деді Тастанбек Есентаев.

    Айта кетейік, арнайы медициналық топтағы дене шынықтыру мәселелері бойынша «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» бұған дейін де Қарағанды медициналық университетімен меморандумға отырған болатын.

    Дене тәрбиесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру талаптарына және үлгілік (жұмыс) оқу жоспарларына сәйкес, білім беру ұйымдарында сабақ және сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады. Ал, денсаулығы нашар білім алушылар мен тәрбиеленушілер арнайы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында айналысады. Дене мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар мен тәрбиеленушілер бейімдік дене шынықтыру мен спорт құралдарын пайдалана отырып айналысады.

    Осыған орай, бұл құжаттар мектептерде арнайы медициналық топтар үшін дене шынықтыру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге, сонымен қатар адаптивті дене шынықтыруды дамытуға, адаптивті дене шынықтыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын өткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *