• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматы облысында балуанға құрдастары құрмет көрсетті

    1982 жылы туған азаматтардың биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл. Осындай айтулы шара Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылындағы Майлы Орманов орта мектебінде де өтті.

    1999 жылы алтын ұядан қанаттанып ұшып, үлкен өмірге қанат басқан түлектер араға 20 жыл салып білім ошағына оралды. Бәрі де бір-бір саланың білгір мамандары. 1982 жылғы азаматтар Жылысай ауылының тумасы, самбо, қазақ күресі, дзюдо  күрес түрлерінен спорт шебері, самбо күресінің еңбек сіңірген қайраткері Асхат Қасымханұлы Рахметовке құрмет көрсетіп, иығына оқалы шапан жапты.

    «Біз бәріміз осыдан 20 жыл бұрын үлкен өмірге қадам басқанда алдымызда қандай сын, сынақ күтіп тұрғанын білдік пе. Әркім өзінің көңілі соққан салаға бейімделіп, жоғары оқу орнына түсті. Асхат Рахметов  мектепте  оқып жүргенде-ақ  спортқа, оның ішінде күреске бейім болатын. Өзі армандаған спорт академиясында оқып, жоғары білім алды. Самбо, қазақ күресі, дзюдо сынды спорт түрлерінен республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып, жүлделі оралды. Жуырда ғана Түркістан қаласында самбо күресінен спорт шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, Асхат Қасымханұлы 90 кило салмақта Қазақстан чемпионы атанды. Ауылымыздан әлі де Асхаттың соңынан еріп,  чемпиондар шыға беретініне сенімдіміз. Асхат Рахметов – Жылысай ауылынан шыққан тұңғыш спорт шебері. Күрес кілем жоқ жерде күрес үйірмесінің болмайтыны заңдылық. Бірақ осындай қолбайлауға қарамастан » дейді балуанның құрдастары.

    «Түркістан қаласында өткен қазақстан чемпионатында топ жарып, әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Енді күзде Грузияда өтетін әлем біріншігінде ел намысн қорғап, көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатуға барымды саламын» дейді балуан А.Рахметов.

     

    Қуан ЕСІМБАЙ,

    Алматы облысы,

    Кеген ауданы,

    Жылысай ауылы

      

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *