Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан V әлем чемпионатында жеті жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды.
Маргарита Бажаева (-50 кг) – әлем чемпионы
Жүлдегерлер:
2-орын. Асқар Еспусинов (-58 кг)
3-орын. Жандос Бейсенбаев (-71 кг)
4-орын. Болат Сапар (-88 кг)
5-орын. Айнұр Төребай (-59 кг)
6-орын. Арайлым Әбенова (-72 кг)
7-орын. Қазақстан құрамасы (командалық сайыс)
Биылғы жарысқа 20 елдің спортшысы қатысты.