• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Тоғызқұмалақ

    Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтеді

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2-3 мамырда мектеп оқушылары арасында Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтеді, деп хабарлады аталған ведомстоның орталығы. Жарысқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен  облыстардан  68 оқушы қатысуға өтінім берген. Олардың ішінде 1 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер бар. Қалғандары — 1 дәрежелі спортшылар.  

    Read More »

    Ақтөбеде тоғызқұмалақ бәсекесі мәреге жетті

    Ақтөбе қаласындағы шахмат клубында ту көтерген, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және  еліміздің 12 облысынан 56 спортшы қатысқан тоғызқұмалақ бәсекесі де аяқталды.  Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Фестивальға қатысушылар қатарында 2 республикалық еңбек сіңірген спорт шебері, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері атағын иеленген тәжірибелі ойыншылар болды. Ойыншылар тоғызқұмалақтың классикалық түрінен бақ сынады. Жарыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі ...

    Read More »

    Әсел Далиева – тоғыз дүркін әлем чемпионы әрі рекордшы

    Қазақтың тоғызқұмалақшы ару қызы Әсел Далиева жуырда тоғызқұмалақтан өткен әлемнің V чемпионатында кезекті рет жеңіске жетті. Бұл – Әселдің тоғызыншы рет  алған әлемдік алтын медалі. Бұндай көрсеткішке тоғызқұмалақ бойынша қыздар арасында әлі ешкім жеткен емес. Ол классика мен блиц форматында алдына жан салмады.  Ә.Далиева тек қана майталман зияткер ойыншы емес, ол ұлағатты ұстаздық жолда да өзін көрсете бастады. Таяуда ғана ...

    Read More »

    Оралда тоғызқұмалақтан мұғалімдер арасында турнирі өтті

    Орал қаласында тұңғыш рет дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармалары жəне республикалық «Спорт жұлдыздары» журналы бірлесіп өткізген додаға Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау, Қарағанды жəне Қызылорда облыстарынан ұлттық спортты ұлықтап жүрген ұстаздар келіп, əр жас ерекшелігі бойынша сынға түсті. Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрама командасының бас бапкері ...

    Read More »