• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Әлем кубогы

    Әсем Орынбай стенд атудан Әлем кубогын жеңіп алды

    Алматыда стенд атудан ұлттық құраманың мүшесі Әсем Орынбай Әлем кубогының иегері атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Әсем Орынбай скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда негізгі кезеңде 60 рет нысана көздеген соң үндістандық Ганемат Секхонмен 50 ұпайдан тең түсті. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы екі мәрте мүлт кеткен жоқ. Ал қарсыластың жүйкесі сыр беріп, бір рет ...

    Read More »

    Ескек есуші Мария Бровкова — Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы

    Байдарка мен каноэде ескек есуші Мария Бровкова Венгрияда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Венгрияның Сегед қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Мария Бровкова алтын медаль жеңіп алды. Ол C-1 санатындағы 1000 метрге жарыста мәре сызығын бірінші болып кесті (4:49.91 секунд). Одан кейінгі сатыға әлем ...

    Read More »

    Нысана көздеуші Александра Ле Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Бүгін Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Александра Ле қола медальге ие болды. Ол әйелдер арасында10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан 261.2 ұпай жинады. Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Оған елімізден 18 спортшы қатысуда. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады. Жарыс Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болып жатыр.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ...

    Read More »

    Елжаңа Таниева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық гимнастшы Елжаңа Таниева Грекияның астанасы – Афина қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Ол төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Елжаңа Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, төрітнші орынды қанағат тұтты. Елжаңа Таниева жақында ғана Испанияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұршықпен жаттығудың шешуші сынында жетінші орынды иеленген еді. ...

    Read More »

    Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

    Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды. Ол фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, австралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлдені иеленді. Могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға шыққанымен, жүлдеге іліге алмады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының иегері атанды

    Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде өткен көркем гимнастикадан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Едендегі жаттығулар бойынша финалда отандасымыз үздік нәтиже көрсетіп, 14,200 ұпай жинады. Миладтың екі айналымнан жасаған трюктары көпшілікті тәнті етті. Екінші орынды украиналық Илья Ковтун иеленсе, қола жүлдені АҚШ өкілі Райли Луус жеңіп алды. Еске сала кетсек, Әзербайжан астанасында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогының ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары жастар арасындағы әлем кубогына қатысады

    Бокстан еліміздің жастар құрама командасы 14-19 наурыз аралығында Черногорияның Будвада қаласында өтетін «Адриатика інжу-маржаны» атты халықаралық турнирге қатысады. Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) хабарлауынша, бұл турнир жастар арасында әлем кубогы мәртебесіне ие. Оған 2005-2006 жылдары туған жас жігіттер мен бойжеткендер қатысады. Атап айтқанда, ерлер 13, ал қыздар 12 салмақ дәрежесінде күш сынасады. Турнирде Куба, Ресей, Бразилия, Түркия және басқа да елдердің ...

    Read More »

    Нариман Курбанов — Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы

    Гимнастшы Нариман Курбанов гимнастикадан Катардың Доха қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Гимнастикалық ат жаттығулардың финалында Курбанов 15.400 ұпай жинады. Екінші орынды Ирландияның өкілі Рис МакЛенаган иеленді. Ол 15.033 ұпай алды. Тайбэйдің спортшысы Шао Ю Ян үшінші орыннан көрінді. Оның нәтижесі — 14.833 ұпай.  Отандасымыз Ильяс Азизов алтыншы нәтижені көрсетті (14.100).   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Еркін күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

    Иранның астанасы Тегеран қаласында еркін күрестен клубтар арасындағы Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы Күрес түрлері федерациясы хабарлады. Турнир 17-18 ақпан күндері Біріккен күрес әлемінің (WWU) ережесі бойынша болады. Дүрмекті додада Қазақстан балуандары 10 салмақта сынға түседі. Әлем кубогына қатысатын балуандардың тізімі мынадай: 57 кг. Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы) 61 кг. Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы) 65 кг. Рифат ...

    Read More »

    Денис Никиша шорт-тректен әлемнің үздік спринтері атанды

    Денис Никиша Нидерландтың Дордрехт қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының қорытынды бесінші кезеңінде үздік атанды. Ол 500 метрге жарыста жалпы есепте 402 ұпаймен бірінші орын алды. Ол былтыр АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алған еді. Одан кейін Алматыда өткен екі кезеңде алтын, күміс және қола медальді иеленген болатын. Енді міне, шорт-трекші Нидерландта Алматыдағы нәтижесін қайталап, ...

    Read More »