• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Елжаңа Таниева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық гимнастшы Елжаңа Таниева Грекияның астанасы – Афина қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды.

    Ол төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Елжаңа Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, төрітнші орынды қанағат тұтты.

    Елжаңа Таниева жақында ғана Испанияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұршықпен жаттығудың шешуші сынында жетінші орынды иеленген еді. Енді міне, ол араға бір апта салып, осы турнирде үздіктер қатарынан көрінді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *