Францияның астанасы — Париж қаласының мэрі Анн Идальго ресейлік және беларусь спортшыларының 2024 жылы болатын Олимпиялық ойындарға өз елдерінің туымен қатысуына қарсылық білдірді.
Мен ХОК бұған рұқсат беруін елестете алмаймын. Мен мұны болдырмау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.
Біз қазір әрекет етуіміз керек. ХОК-тың Олимпиаданы өткізу үшін Парижді таңдауының символдық мәні бар. Өйткені, Париж — адам құқықтарының астанасы, — деді Идальго.
Парижде Олимпиялық ойындар 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА