• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының иегері атанды

    Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде өткен көркем гимнастикадан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

    Едендегі жаттығулар бойынша финалда отандасымыз үздік нәтиже көрсетіп, 14,200 ұпай жинады. Миладтың екі айналымнан жасаған трюктары көпшілікті тәнті етті.

    Екінші орынды украиналық Илья Ковтун иеленсе, қола жүлдені АҚШ өкілі Райли Луус жеңіп алды.

    Еске сала кетсек, Әзербайжан астанасында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі 9 наурызда басталған еді. 32 елдің спортшылары қатысып жатқан бұл дүбірлі дода бүгін аяқталады.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *