• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: садақ ату

    Садақ атудан әйелдер құрамасы алғашқы үлкен жеңісіне жетті

    Садақ атудан Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы эстониялық қарсыластарын 231:224 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді. Одан бөлек, ширек финалда әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны 234 : 230 есебімен жеңіп, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберді. Әлем кубогы ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Әзербайжанда 16 медаль жеңіп алды

    Әуесқой бокс: Отандық боксшылар Әзербайжанның Баку қаласында өткен Аббас Агаларовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып, 16 медаль жеңіп алды. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан келген 97 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Қазақстан боксшылары 4 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлдені иеленді. Садақ ату: Грузияның ...

    Read More »

    Атырауда дәстүрлі садақ атудан «Алтын Орда» халықаралық турнирі аяқталды

    Атырау қаласында 27-28 сәуір күндері Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өткен дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» халықаралық турнирі қорытындыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Турнирде садақшылар 30 метрден 70 метрге дейінгі қашықтыққа арналған Пута, Орта Азия, Жамбы нысана түрлері бойынша мергендік шеберліктерін сынасты. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті-Бас хатшысы Тастанбек Есентаев аталған шараға арнайы қатысып, ...

    Read More »

    Екібастұзда тұңғыш рет садақ атудан жарыстың жалауы желбіреді (ФОТО)

    Екібастұз қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы ғылым мектебінің базасында қазақтың ұлттық спорт өнерінің бірі — садақ атудан ересектер мен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Ашық біріншілікті ұйымдастырған «Зерде» мамандырылған дарынды балаларға арналған лицей-мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі  Нұрбек Мұқышевтің айтуынша, аталған мектепте оқушылар арасында садақ ату үйірмесінің ашылғанына екі жыл болды. Былтыр төрт оқушы Қарағандыда өткен республикалық турнирден олжалы оралды. Екі жыл ...

    Read More »

    Атырауда «Дарабоз – 2019» турнирі аяқталды

    Атыраудың Талдыкөл елдімекені аумағында өткен «Алтын тұлпар» аламан бәйгесімен қатар ұлттық спорт түрлерінен «Дарабоз-2019» турнирі  өтті, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы. 11-12 қазан күндері Махамбет ауданындағы Талдыкөлдің төсін дүбірлеткен «Дарабоз-2019» турнирі атыраулықтардың аса қызыға тамашалаған спорттық жарысы болды.  Жайық жағасындағы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жарыс  алаңына халық молынан жиналды. Ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге түрлерінен және қазақы тазы ...

    Read More »

    Астанада садақ атудан турнир өтті

    Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алатау» спорт кешенінде республикалық «Садақ ату» федерациясының ұйымдастыруымен ерлер мен қыздар арасындағы ашық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы. Бұл жуырда ғана құрылған республикалық «Садақ ату» федерациясының ұйымдастыруымен дәстүрлі садақты тұрып  атудан  өткен екінші жарыс. Мергендік сайысқа елордалықтардан басқа Қарағанды қаласындағы Шаризат Қазтаев басқаратын «Қайрат» ұлттық спорт мектебінің оннан астам талапты жастары және мажарстандық әуесқой ...

    Read More »

    «Nur-Sultan ethno fest» фестивалінің думаны қызды

    Елордадағы «Хан-шатыр» кешені маңындағы этно-қалашық таңертеңнен қалың көрерменге лық толды. Сонда «Nur-Sultan ethno fest»  фестивалін тамашалаушылар бұл этно-қалашықтан қандай қызықтарды көре алды? «Алтын жебе» І әлем чемпионатының алғашқы күнгі қорытындысын айтпас бұрын біз осы этно-қалашыққа  қысқаша бір шолу жасағанды жөн көрдік. Атап айтып өтелік,  «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі – бұл елордада өтіп жатқан  этно-жанрдағы бірегей жоба. Мұнда этно-спорт та, этно-мәдениет ...

    Read More »