• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: су добы

    XIX Азия ойындары: Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасының қарсыластары анықталды

    Қытайда су добынан өтетін Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды. Турнир 25 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоу қаласында өтеді. Ұлттық құрама 2-7 қазан аралығында өнер көрсетеді. Жарысқа келген барлығы 8 құрама екі топта ойнайды. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Олар алдымен 2 қазанда  Гонконг командасымен, 3 қазанда Жапонияның ватерполшыларымен, 4 қазанда Сингапур құрамасымен ойнайды. Одан кейін 5 ...

    Read More »

    Су добы: Қазақстан құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды

    Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. «Бече қаласында өткен жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 12 команда қатысты. Біздің спортшылар Испания, Германия, Сербия және басқа да мемлекеттерден келген қарсыластарынан басым түсті. Ал ұлттық құрама капитаны Егор Белоусов турнирдің үздік ойыншысы атанды. Жас спортшыларымызды осы жеңісімен құттықтаймын және оларға сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, қажырлы еңбектің арқасында осындай жетістікке жеткен ...

    Read More »

    Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

    Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурда өткен Азия чемпионатында Таиланд ватерполистерін ұтып, алтын медальді жеңіп алды.  Бұл туралы Zakon.kz. хабарлады. Қазақстан әйелдер құрамасы құрлықтықтық чемпионатта Таиланд командасын екінші рет жеңді. Осылайша, тай қыздарын жеңген еліміздің әйелдер құрамасы қарсыластарын шаң қаптырып, мерзімінене бұрын Азия чемпионы атанды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан ватерполшылары — Азия чемпионатының қола жүлдегері!

    Таиландтың Бангкок қаласында су добынан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы үшінші орын алды. Осы чемпионатқа Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледждің 10 «В» сынып оқушысы Егор Белоусов та қатысып, Қазақстан құрама командасына қола жүлдені сыйға тартты. Спорт ордасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ардақ Тоғымовтың айтуынша, осы ерен еңбегі үшін Егор Белоусовқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. «Бүгінде ...

    Read More »

    Су добынан ерлер құрамасы — Азияның қола жүлдегері!

    Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында  Қазақстанның ерлер құрама командасы да  қола жүлдегері атанды.  Еліміздің ерлер құрамасы Иран командасын 8:5 (1:1, 1:1, 4:3, 2:0) есебімен ұтты. Бұған дейін су добынан әйелдер құрама командасының  Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғаны туралы хабарланды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Су добының саңлағы

    Қазақ спорты тарихында су добынан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сонар биікке шыға білген спортшылар саусақпен санарлық. Солардың бірі, бірегейі су добынан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Асқар Оразалинов. Асқардың су добы спортында жеткен жетістіктері бір түйеге жүк артқандай жетерлік. «Қасқа биеден қасқа тумаса да төбел туады», деген жақсы бір айтылған сөз ...

    Read More »