• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Түркістан облысы

    Түркі универсиадасының чемпиондары анықталды

    Түркістанда II Түркі универсиадасы аяқталды. Оның жабылу салтанаты Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды, деп хабарлады Bassport.kz. Іс-шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, универсиадаға мемлекеттердің делегациясы, университеттің студенттері мен оқытушы-профессорлары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан студенттері үздік атанды. Футзалдан Қырғызстан командасы чемпион атанды. Өзбекстан шахматтан бас жүлдені жеңіп алды. Еркін күрестен Қазақстан кқш бастады. ...

    Read More »

    Түркі универсиадасы: Қазақтан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде алды

    Түркістан қаласында өтіп жатқан ІІ Түркі универсиадасында Қазақстан спортшыларының қоржыны 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен толықты. Атап айтқанда, Еркін күрестен еліміздің құрамасынан Дәулет Ергеш, Санжар Мұхтар, Әкежан Айтбек, Дәулет Әмірханов жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медаль иегері атанды. Санжар Досжанов күміс жүлдені иеленсе, Қуандық Шалдар мен Ерсұлтан Ерболатұлы қола медальге ие болды. Еске салсақ, 6 қарашада Түркістанда ІІ Түркі ...

    Read More »

    Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды

    Бүгін Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды. Оның ашылу салтанаты «Керуен сарай» кешеніндегі Show arena ғимаратында болды. Бауырлас елдердің спортшы өрендерінің басын қосқан доданың салтанатты жиынына Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров, Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі, — деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі. Облыс әкімі құттықтау ...

    Read More »

    Түркістанда қазақ күресінен Азия кубогы басталды

    Түркістанда қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Азия кубогы үшін халықаралық турнирі басталды. Дәстүрлі жарыста Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ге жуық спортшы күш сынасады. Азия кубогында сайдың тасындай іріктелеген білекті де жүректі балуандарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов сәттілік тілеп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын оқып берді. Қазақ күресі – ...

    Read More »

    Түркістанда жаңа футбол клубы құрылады

    Бүгін Түркістан қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев 2018 жылға қорытынды жасап, алдағы мақсат-міндеттер туралы айтып берді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, былтыр облыс спортшылары Қазақстан чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 387 алтын, 382 күміс, 365 қола медаль алса,  Азия чемпионаттарында  73 алтын, 58 күміс және 38 қола ...

    Read More »