• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Түркістан облысының әкімдігі

    Түркі универсиадасы: Қазақтан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде алды

    Түркістан қаласында өтіп жатқан ІІ Түркі универсиадасында Қазақстан спортшыларының қоржыны 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен толықты.

    Атап айтқанда, Еркін күрестен еліміздің құрамасынан Дәулет Ергеш, Санжар Мұхтар, Әкежан Айтбек, Дәулет Әмірханов жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медаль иегері атанды.

    Санжар Досжанов күміс жүлдені иеленсе, Қуандық Шалдар мен Ерсұлтан Ерболатұлы қола медальге ие болды.

    Еске салсақ, 6 қарашада Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды. Оның ашылу салтанаты «Керуен сарай» кешеніндегі Show arena ғимаратында болды.

    Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасындағы ІІ Түркі универсиадасына Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысуда. Олар шахмат, үстел теннисі, волейбол, дзюдо, футзал, грек-рим күресі, еркін күрес спорт түрлері бойынша жүлделерді сарапқа салады. Сайыстар OLIMPIC CENTER спорт кешені мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өтіп жатыр. Түркі универсиадасы 10 қарашаға дейін жалғасады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *