• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Зарина Дияс екі жыл үзілістен кейін кортқа қайта шығады

    Теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтетін W50 KASHIWA KASHIWA OPEN турниріне қатысады.

    Бұл турнир Заринаның жарақатына байланысты екі жылға созылған үзілістен кейінгі алғашқы додасы. Ол содан кейін 12-13 сәуірде осы елде Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Жапониямен қарсы Қазақстан құрамасы сапында ойнайды.

    Кезінде әлемдік рейтингіде 31-орынға дейін көтерілген Зарина Дияс теннистегі ең үлкен табысына Жапонияда жеткен. Ол 2017 жылы Токио WTA турнирінің жеңімпазы атанған еді.

    Кеше Зарина Дияс Алматы қаласында жас теннисшілермен шеберлік сабағын өткізді.

    Ол ЦСКА теннис орталығында балалармен доп қағысып, ақыл-кеңесін айтты.

    Балалармен ойнағаныма өте қуаныштымын. Олардың тенниске деген қызығушылығы өте жақсы. Қазақстанда теннис қарқынды дамып келеді. Сондықтан елімізден көптеген чемпиондар шығатынына сенімдімін. Шеберлік сағатына балалар мен ата-аналардың көптеп келгені қуантады, — деді Зарина Дияс.

    Шеберлік сабағынан кейін Зарина Дияс өз жанкүйерлеріне қолтаңбасын таратып, суретке түсті.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *