• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    ТСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Ризабек Айтмұхан үш дүркін әлем чемпионы атанды

    Ризабек Айтмұхан күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ол Албанияның астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында 97 кг дейінгі салмақтың финалында ирандық қарсыласы Махди Мұхарамәли Морафаны жеңіп, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

    Осылайша, Ризабек Айтмұхан 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын жүлде алған тұңғыш қазақ палуаны атанды.

    Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған еді.

    22 жастағы Махди — жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021 жыл).

    Отандасымыз кеше 3 белдесу өткізіп, алғашқысында Каллум Уильям Нокты (Канада), одакн кейін Владислав Козловты (Бейтарап атлет) таза жыққан. Ал жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түскен.

    Осымен Тиранадағы 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы бәсеке аяқталды. Қазақстан командасы жарысты 1 алтын жүлдемен қорытындылады.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *