17 жастағы теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жарыс жолынан шығарды.
Қазақстан теннисшісі бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 5:2 болған кезде матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен тәмамдады. Есеп — 6:3.
Ойын 1 сағат 35 минутқа созылды.
Енді жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Омарханов ширек финалға шығу үшін швециялық теннисші, 17 жастағы Виллям Режхтман Винцигаррамен ойнайды.