Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол сербиялық Александра Круничпен бірге үшінші айналымда «Үлкен дулыға» додасының 5-ракеткалары, америкалық Айша Мұхаммад пен нидерландылық Деми Схурспен күш сынасты.
Матчты қазақстандық-сербиялық дуэт қос брейкпен сәтті бастады. Есеп — 3:0. Бұдан кейін Мұхаммад пен Схурс қайыра брейк жасағанымен, Данилина мен Крунич 6:4 есебімен жеңді.
Екінші сетте Анна Данилина мен Александра Крунич қарқынын тіпті үдетті. Есеп 6:0 болды.
Енді Анна Данилина мен Александра Крунич жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендпен ойнайды.