• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда жеңіске жетті

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет.

    Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті.

    Отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына кірмеді, — делінген хабарламада.

    Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин (Грекия) 188 сантиметр нәтижесімен иеленсе, қола медальді Стилиана Иоанниду (Кипр) 188 сантиметр көрсеткішімен жеңіп алды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *