Әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Курсумлийска Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты.
Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп ойнап жатыр. Теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 695-орында тұрған ресейлік Милана Жабраиловадан айласын асырды.
Бірінші партия аса тартысты өтіп, тай-брейкте Жібек Құламбаева 7:6 (7:3), екінші сетте 4:0 есебімен басымдық танытты. Соңында матчты 6:1 есебімен жеңді.
Матч екі сағаттан астам уақытқа созылды.
Енді Жібек Құламбаева финалда чилилік Антония Вергара Ривера немесе сербиялық Драганья Вуковичпен ойнайды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА