• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Рыбакина әлемнің 6-ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1 000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. 

    Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен ойнап, жеңіске жетті.

    Қарсыластар осыған дейін бір-бірімен бес рет ойнап, америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Киз сәтті ойнады. Бірінші партияда есеп 7:6 (7:3) болды.

    Екінші партияда Рыбакина 6:4 есебімен есе қайырды. Үшінші, шешуші сетте Рыбакина тағы да үстемдік танытты. Партия 6:2 болып бітті.

    Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты ойында Рыбакина 6 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнайды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *