Бүгін Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні грек-рим күресі шеберлері арасындағы белдесулер аяқталды.
Қазақстан құрамасы 10 салмақтың тоғызында жүлде алып,180 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында 151 ұпаймен Иран құрамасы. Үздік үштікке 133 ұпайға ие болған Қырғызстан құрамасы кірді.
Бүгін 67 килодағы балуанымыз Мейіржан Шермаханбет ел қоржынына екінші алтын жүлде салса, Абылайхан Әмзеев (72 кг) пен Диас Қален (82 кг) күміс жүлдені иеленді. 60 килодағы Ернұр Фидахметовке бұйырғаны қола жүлде болды. 97 кило салмақта сынға түскен тағы бір балуанымыз Санжар Серікхан қола үшін болған белдесуде жапон балуанына сәл ғана есе жіберді. Санжар жүлдеге ие болғанда 10 салмақтың бәрінде де жүлде болатын еді.
Осылайша, грек-рим күресінен Серік Жұмашев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында өте сәтті өнер көрсетті. Отандастарымыздың еншісінде 2 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль бар. Жеңіс құтты болсын ағайын!
«Классиктеріміздің» жеңісті жолы ертең боз кілемге шығатын қыздарымызға жұғысты болсын дейміз!
Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ, «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы
Бірінші суретте: грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырында
Екінші суретте: Моңғолияға арнайы барып, ұлттық құрамаға қолдау көрсетіп жүрген спорт жанашыры, меценат Рүстем Мұқатов Азия чемпиондары атанған Әлімхан Сыздықов пен Мейіржан Шермаханбеттердің ортасында
ФОТО: Қазақстан Республикасы күрес түрлері федерациясы баспасөз қызметінің басшысы Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ
Побольше б таких статей.
Большое мерси за предоставленную информацию.
Наверно, так и есть.